Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 1 8—9 бет.
  • Неге кейбір дұғалар қабыл болмайды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге кейбір дұғалар қабыл болмайды?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Дұғаның пайдасы бар ма?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жаратқанға дұға қылу арқылы жақындаңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 1 8—9 бет.

Неге кейбір дұғалар қабыл болмайды?

Көктің иесі Ехоба Құдай жүрегімізді жарып шыққан дұғамызды сүйсіне тыңдауға асық. Алайда дұға-тілектеріміздің қабыл болуына тосқауылдар бар. Ол не қылған тосқауылдар? Дұға қылғанда не нәрсеге мұқият болуымыз керек? Мұны Киелі кітап айтсын.

Бір топ адам шіркеуде дұғалар жинағынан дұға оқып отыр.

“Дұға еткенде... бір нәрсені қайталай бермеңдер” (Матай 6:7).

Ехоба біздің бір дұғаны жаттап алып, оны қайталай бергенімізді немесе оны дұғалар жинағынан оқып бергенімізді қаламайды. Қайта, әр айтқан дұғамыз жүректі жарып шықса екен дейді. Мысалы, досыңыз күнде-күнде бір әңгімені қайталап айта берсе, өзіңізді жайсыз сезініп қалар едіңіз ғой. Нағыз достардың әңгімесі жүректен шығады, әрі шынайы болады. Дұғаны жаттанды емес, өз сөзімізбен айтар болсақ, Құдайды дос тұтатынымызды көрсетеміз.

Ер адам лотереяның билетін ашып, көкке қарап тұр.

“Сұрасаңдар да, алмайсыңдар, өйткені құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін арам ниетпен сұрайсыңдар” (Жақып 4:3).

Құдайға ұнамайтынын біле тұра сол нәрсені дұғада сұрасақ, дұғамыз қабыл болмайтынын біз түсінуіміз керек. Мысалы, құмар ойыншы “бағым жанып, ақша ұтайыншы” деп сұраса, оның бұл дұғасы қабыл бола ма? Қабыл болады деп ойлау еш қисынға келмейді. Өйткені Құдай ашкөз болмаңдар, бағым ашылсын деп Құдайға емес, баққа сеніп кетпеңдер деп ескерткен (Ишая 65:11; Лұқа 12:15). Дұғамыз қабыл болсын десек, өтінішіміз Құдайдың Киелі кітаптағы заңдарына қайшы болмау керек.

Дінбасы сарбаздар үшін дұға оқып отыр.

“Заңға құлақ асқысы келмейтіннің тіпті дұғасы да жеркенішті” (Нақыл сөздер 28:9).

Ежелде Құдайдың әділ заңдарын менсінбейтіндердің дұғалары ешқашан Құдайдың құлағына шалынбайтын (Ишая 1:15, 16). Ғасырлар өтсе де, Құдай еш өзгермейді (Малахи 3:6). Дұғамыз Құдайдың құлағына жетсін десек, біз оның заңдарын тыңдап өмір сүруіміз керек. Ал біз кезінде Құдайға ұнамсыз істер жасаған болсақ ше? Құдай енді бізді ешқашан тыңдамай ма? Әрине, олай емес. Біз істеген ісімізге өкініп, оны қайталамауға бекінсек, Құдай бізді дарқан көңілмен кешіреді (Елшілердің істері 3:19).

“Құдайға жақындайтын әркім оның бар екеніне және өзін шын жүректен іздейтіндерге сый беретініне сену керек” (Еврейлерге 11:6).

Бір әйел Киелі кітап оқып отыр.

Дұға жай ғана стресті жеңілдету үшін жасалатын амал емес. Ол — жүректегі иманымыздың көрінісі, құлшылығымыздың өзегі. Киелі кітапта кім сұраса да, “сеніммен сұрасын”, әйтпесе “Ехобадан бірдеңе аламын деп күтпесін” деген сөз бар (Жақып 1:6, 7). Құдайға сенімімізді өсіру үшін уақытымыз бен күшімізді аямай, Киелі кітапты оқу арқылы оны тани түсуіміз керек. Сонда Алланың қалауын біліп, айтқан дұғамыз қабыл болатынына еш күмәнданбаймыз.

ДҰҒАҢЫЗДЫ ДОҒАРМАҢЫЗ!

Құдай дұғалардың бәріне бірдей жауап бермесе де, ол миллиондаған адамның шын жүректен айтқан дұғасын тыңдап, тілеуін орындайды. Айтқан дұғаларымыз Құдайдың көңілінен шығу үшін Киелі кітаптың берер біраз кеңесі бар. Келесі мақала сол жайында болмақ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу