Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w20 мамыр 8—11 бет.
  • Ақырғы уақытта текетіресетін патшалар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақырғы уақытта текетіресетін патшалар
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақырғы уақыттағы “солтүстік патшасы”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ехоба “жуырда болатын жайттарды” ашады
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бүгінде “солтүстік патшасы” кім?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Аян кітабы Құдайдың жауларына қатысты не ашады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
w20 мамыр 8—11 бет.

Ақырғы уақытта текетіресетін патшалар

Бұл кестедегі кейбір пайғамбарлықтар бір уақытта болған оқиғаларды сипаттайды. Осы пайғамбарлықтардың бәрі біздің “ақырғы уақытта” өмір сүріп жатқанымызды растайды (Дан. 12:4).

1870 жылдан бастап біздің күнімізге дейін солтүстік патшасы мен оңтүстік патшасының кім болғаны жайлы және соларға қатысты пайғамбарлықтар туралы кесте.
  • Кесте 1/4: соңғы уақытқа және 1870 жыл мен 1918 жыл аралығына қатысты бірқатар пайғамбарлықтар. 1914 жылдан бергі жылдар соңғы күндерге жатады. 1-пайғамбарлық: Кестеде жеті басты жыртқыш аң уақыт тізбегінің ең басында көрсетілген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жыртқыш аңның жетінші басы жараланды. 1917 жылдан бастап жетінші бас айығып, жыртқыш аң қайтадан мықты болды. 2-пайғамбарлық: 1871 жылы солтүстік патшасы айқын болды, ал оңтүстік патшасы 1870 жылы айқын болды. 1871 жылы Германия солтүстік патшасына айналды. Бастапқыда оңтүстік патшасы Ұлыбритания болды, ал 1917 жылы оның орнына Англо-Америка дүниежүзілік державасы оңтүстік патшасы болды. 3-пайғамбарлық: 1970 жылдардан бастап Расселл мен оның серіктері “хабаршы” болды. 1881 жылдан бастап “Сион күзет мұнарасы” оқырмандарын ізгі хабарды жариялауға шақырды. 4-пайғамбарлық: 1914 жылдан бастап орақ кезі. Арамшөп бидайдан ажыратылды. 5-пайғамбарлық: 1917 жылдан бастап мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы белгілі болды. Кестеде тағы көрсетілгендер: 1914—1918 жылдар аралығында дүниежүзінде орын алған оқиғалар, Бірінші дүниежүзілік соғыс. Ехобаның халқына ықпал еткен оқиғалар: 1914 жыл мен 1918 жыл аралығында, Британия мен Германиядағы Киелі кітап зерттеушілері түрмеге жабылды, 1918 жыл, Құрама Штаттардағы бас басқармадағы ер бауырластар қамауға алынды.
    1-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Аян 11:7; 12:13, 17; 13:1—8, 12

    Пайғамбарлық: “Жыртқыш аң” ғасырлар бойы жер бетіне билік етеді. Ақырғы уақытта оның жетінші басы жараланады. Кейінірек бұл бастың жарақаты жазылып, “бүкіл жер беті” аңның соңынан ереді. Шайтан бұл аңды әйелдің “ұрпағынан қалғандармен” соғысу үшін қолданады.

    Орындалуы: Топан судан кейін Ехобаға қарсы үкіметтер адамзаттың үстінен билік етті. Көптеген ғасырдан соң, Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде, Британ империясының күші қатты әлсіреп қалды. Ал Құрама Штаттармен біріккенде, ол қайтадан мықты болды. Шайтан бүкіл саяси жүйесін әсіресе ақырғы уақытта Құдай халқын қуғындау үшін қолданып келеді.

  • 2-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Дан. 11:25—45

    Пайғамбарлық: Ақырғы уақытта солтүстік патшасы мен оңтүстік патшасы текетіреседі.

    Орындалуы: Германия мен Англо-Америка бір-бірімен қақтығысты. 1945 жылы Кеңес Одағы мен оның одақтастары солтүстік патшасы болды. 1991 жылы Кеңес Одағы күйреді, ал уақыт өте Ресей мен оның одақтастары солтүстік патшасына айналды.

  • 3-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Ишая 61:1; Малх. 3:1; Лұқа 4:18

    Пайғамбарлық: Ехоба Мәсіхтің Патшалығы келмей тұрып “жол дайындайтын” “хабаршысын” жібереді. Бұл топ “момындарға ізгі хабарды жариялай” бастайды.

    Орындалуы: 1870 жылдан бастап Чарлз Расселл мен оның серіктері Киелі кітап шындықтарын білу үшін оны зор құлшыныспен зерттеді. Ал 1880 жылдары олар Құдай қызметшілері уағыздау керек екеніне ерекше назар аудара бастады. Сондықтан “1000 жариялаушы қажет” және “Уағыздау үшін майланғандар” деген сияқты мақалаларды басып шығарды.

  • 4-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Мат. 13:24—30, 36—43

    Пайғамбарлық: Бір кісі егіндікке бидай тұқымын себеді. Кейін дұшпаны келіп, бидай арасына арамшөп сеуіп кетеді. Арамшөп қаулап өсіп, бидайды тасалап қалады. Ал орақ кезінде арамшөп бидайдан ажыратылады.

    Орындалуы: 1870 жылдан бастап шынайы мәсіхшілер мен жалған мәсіхшілердің айырмашылығы айқын көріне бастады. Ал ақырғы уақытта шынайы мәсіхшілер жиналып, жалған мәсіхшілерден ажыратылды.

  • 5-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Дан. 2:31—33, 41—43

    Пайғамбарлық: Әртүрлі металдан жасалған мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы.

    Орындалуы: Саз Англо-Америка дүниежүзілік державасының қол астына кіретін әрі осы үкіметке қарсы шығатын қарапайым халықты бейнелейді. Осы адамдар бұл державаның темір іспетті мықты болуына кедергі келтіріп, оны әлсіретеді.

  • Кесте 2/4: соңғы уақытқа және 1919 жыл мен 1945 жыл аралығына қатысты бірқатар пайғамбарлықтар. 1945 жылға дейін Германия солтүстік патшасы болды. Англо-Америка дүниежүзілік державасы оңтүстік патшасы болды. 6-пайғамбарлық: 1919 жыл, майланған мәсіхшілер қайта қалпына келген қауымға жиналды. 1919 жылдан бастап, уағыздау ісі қарқын алып, жалғаса берді. 7-пайғамбарлық: 1920 жыл, Ұлттар Лигасы құрылды және Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша жалғасты. Кестеде тағы көрсетілгендер: 1-пайғамбарлық, жеті басты жыртқыш аң, жалғасып жатыр. 5-пайғамбарлық, мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы, жалғасып жатыр. 1939—1945 жылдар аралығында орын алған дүниежүзілік оқиғалар, Екінші дүниежүзілік соғыс. Ехобаның халқына ықпал еткен оқиғалар: Германия 1939—1945, 11 000-нан астам Куәгер түрмеге қамалды. Британия 1939—1945, 1600-ге жуық Куәгер қамауға алынды. Құрама Штаттар 1940—1944, Куәгерлерге ашулы тобыр 2500-ден көп рет шабуыл жасады.
    6-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Мат. 13:30; 24:14, 45; 28:19, 20

    Пайғамбарлық: “Бидай” “қамбаға” жиналып, “үйдегі басқа құлдардың” үстінен “адал да ақылды құл” тағайындалады. “Патшалық жайлы ізгі хабар” “бүкіл жер бетінде” уағыздала бастайды.

    Орындалуы: 1919 жылы Құдай халқына “адал да ақылды құл” тағайындалды. Сол кезден бастап Киелі кітап зерттеушілері уағыздау ісін қарқындата түсті. Бүгінгі таңда Ехоба куәгерлері 200-ден астам елде уағыздап, 1000-нан аса тілде Киелі кітапқа негізделген материалдар шығаруда.

  • 7-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Дан. 12:11; Аян 13:11, 14, 15

    Пайғамбарлық: Қос мүйізі бар жыртқыш аң жеті басты аңның “мүсінін жасауға” ықпал етіп, “осы мүсінге өмір лебін” береді.

    Орындалуы: Англо-Америка дүниежүзілік державасы Ұлттар Лигасын құруға бастама берді. Осы ұйымды басқа халықтар да қолдады. Ақырында, солтүстік патшасы да осы Лиганың мүшесі болды, бірақ тек 1926—1933 жылдар аралығында ғана. Адамдар Ұлттар Лигасы тек Құдай Патшалығы ғана жүзеге асыра алатынды, яғни дүниежүзілік бейбітшілікті орнатады деп үміттенді. Жұрт БҰҰ туралы да осындай ойда.

  • Кесте 3/4: соңғы уақытқа және 1945 жыл мен 1991 жыл аралығына қатысты бірқатар пайғамбарлықтар. 1991 жылға дейін Кеңес одағы мен оның одақтастары солтүстік патшасы болды, содан кейін Ресей мен оның одақтастары солтүстік патшасы болды. Оңтүстік патшасы Англо-Америка дүниежүзілік державасы болды. 8-пайғамбарлық: Англо-Америка дүниежүзілік державасының жойқын соққысынан кейін пайда болған саңырауқұлақ іспетті ядролық бұлт. 9-пайғамбарлық: 1945 жылы Ұлттар Лигасының орнына БҰҰ құрылды. Кестеде тағы көрсетілгендер: 1-пайғамбарлық, жеті басты жыртқыш аң, жалғасып жатыр. 5-пайғамбарлық, мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы, жалғасып жатыр. 6-пайғамбарлық, 1945 жылы 156 000-нан астам жариялаушы. 1991 жыл, 4 278 000-нан астам жариялаушы. Ехобаның халқына ықпал еткен оқиғалар: Кеңес Одағы 1945—1950 жылдары, мыңдаған Куәгер Сібірге айдалды.
    8-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Дан. 8:23, 24

    Пайғамбарлық: Түрі ызғарлы бір патша “ғаламат ойран салады”.

    Орындалуы: Англо-Америка дүниежүзілік державасы өте үлкен ойран салды. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыста Құрама Штаттар жауларына қарсы екі атом бомбасын тастағанда, қаншама адам қырылып, ғаламат ойран болды.

  • 9-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Дан. 11:31; Аян 17:3, 7—11

    Пайғамбарлық: Он мүйізді “ал қызыл жыртқыш аң” тұңғиықтан шығып, сегізінші патша болады. Даниял кітабында бұл патша “қаңыратып бос қалдыратын жеркенішті нәрсе” деп аталған.

    Орындалуы: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлттар Лигасы әрекетсіз күйге түсті. Соғыстан кейін БҰҰ “орнады”. Ұлттар Лигасы сияқты, БҰҰ да Құдай Патшалығы істейтінді істеймін деді. БҰҰ діндерге шабуылдайтын болады.

  • Кесте 4/4: соңғы уақытқа және қазірден Армагеддонға дейінгі уақытқа қатысты бірқатар пайғамбарлықтар. Ресей мен оның одақтастары солтүстік патшасы болды. Оңтүстік патшасы Англо-Америка дүниежүзілік державасы болды. 10-пайғамбарлық: Әлемдік көшбасшылар “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жар салады. Содан кейін зор алапат басталады. 11-пайғамбарлық: Халықтар жалған діндердің ғимараттарына шабуыл жасайды. 12-пайғамбарлық: Әлемдік үкіметтер Құдай халқына шабуыл жасайды. Майланғандардың тамтығы көкке жиналады. 13-пайғамбарлық: Армагеддон. Ақ боз атта отырған толық жеңіске жетеді. Жеті басты жыртқыш аң жойылады; мүсін темір мен саздан тұратын табан жағынан бастап күл-талқаны шығады. Кестеде тағы көрсетілгендер: 1-пайғамбарлық, жеті басты жыртқыш аң, Армагеддонға дейін жалғасады. 5-пайғамбарлық, мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы, Армагеддонға дейін жалғасады. 6-пайғамбарлық, бүгінде 8 580 000-нан астам жариялаушы. Ехобаның халқына ықпал еткен оқиғалар: 2017 жыл, Ресей үкіметі Куәгерлерді түрмеге қамап, филиал ғимараттарын тәркіледі.
    10, 11-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Сал. 1-х. 5:3; Аян 17:16

    Пайғамбарлық: Халықтар “бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп жар салады. “Он мүйіз” бен “жыртқыш аң” “жезөкшеге” шабуыл жасап, оны жояды. Содан кейін халықтар жойылады.

    Орындалуы: Халықтар бейбітшілік пен қауіпсіздік орнаттық деп айтуы мүмкін. Сосын БҰҰ-ға кіретін халықтар жалған діни ұйымдарды жояды. Бұл зор алапаттың бастамасы болмақ. Зор алапат Армагеддонда Шайтанның бүкіл дүниесінің жойылуымен аяқталады.

  • 12-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Езек. 38:11, 14—17; Мат. 24:31

    Пайғамбарлық: Гог Құдай халқының жеріне шабуыл жасайды. Сосын періштелер “таңдап алынғандарды” жинайды.

    Орындалуы: Солтүстік патшасы басқа үкіметтермен бірге Құдай халқына шабуылдайтын болады. Осы шабуыл басталғаннан кейін, майланғандар тамтығы көкке жиналады.

  • 13-пайғамбарлық.

    Тармақтар: Езек. 38:18—23; Дан. 2:34, 35, 44, 45; Аян 6:2; 16:14, 16; 17:14; 19:20

    Пайғамбарлық: “Ақ боз атта отырған” “толық жеңіске жетеді”: ол Гог пен оның әскерін жояды. “Жыртқыш аң” “отты көлге лақтырылады” және алып мүсін қиратылады.

    Орындалуы: Құдай Патшалығының Патшасы Иса Құдайдың халқын құтқаруға келеді. Ол өзімен билік ететін 144 мыңмен бірге және періштелерден құралған әскерімен бірге одақтасқан халықтарды жойып, Шайтанның барлық саяси жүйесін құртады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу