Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 қыркүйек 13-б.
  • Дінге сенбейтін адамға Жаратушыны танып-білуге көмектесіңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Дінге сенбейтін адамға Жаратушыны танып-білуге көмектесіңіз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Дінге сенбейтін адамдардың жүрегіне жол табыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Тәлім беру құралдарын шебер қолданайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Шындықты үйретейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Айғақтарды ақылға салыңыз
    Ояныңдар! 2021
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 қыркүйек 13-б.
Қыз бауырлас азиялық бір қызға уағыздап жатыр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Дінге сенбейтін адамға Жаратушыны танып-білуге көмектесіңіз

Дінге сенбейтін адамға уағыздаудан тартынып, ол бәрібір тыңдамайды деп ойлаған кезіңіз болған ба? Болған болса, мынаны есте ұстаңыз: Дінді ұстанбайтын адамдар, тіпті атеистер де Ехоба куәгері болып жатады. Олардың көбісіне көзқарастарын өзгертуге Құдайдың бар екенін дәлелдейтін айғақтарды қарастырудың өзі жеткілікті болды (Рм 1:20; 10:14).

“СЕНІМІ ЖОҚ ДЕП, КҮДЕР ҮЗУГЕ АСЫҚПАҢЫЗ. ДІН ҰСТАНБАЙТЫН АДАМДАР” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Томмазо бауырластың оқиғасы дінге сенбейтін адамдарға уағыздаудан тартынбауға қалай көмектеседі?

Бұл үшін не істеу керек?

Егер адам Құдайға сенбейтінін айтса, ілтипаттылық, құрмет танытыңыз және ойы мен сезімдеріне шынайы қызығушылық білдіріңіз (Т2х 2:24). Оған қызықты болады-ау деген тақырыптарды қозғаңыз. Ол көп адамды Құдайға сенуге талпындырған айғақтарды қарастыруға ықыласты ма — соны байқаңыз. Ықыласы бар болса, сол айғақтар қарастырылатын әдебиеттер мен видеоларды қолданыңыз. Мысалы, “Тәлім беру құралдарының” ішіне кірсеңіз, “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” және “Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деген кітапшаларды тез тауып ала аласыз.

Құдайға сенбейтін адаммен шындық жайлы сөйлесу басында қиын болып көрінуі мүмкін. Ондай кезде тәжірибелі жариялаушыдан көмек сұрасаңыз болады. Сондай-ақ мынаны ұмытпаңыз: Ехобаның өзі де бізге мәңгі өмірге ыңғай танытқан адамдардың жүрегіне жол табуға көмектеседі, тіпті олар оның бар екеніне әзірге сенбесе де (Е.і 13:48).

“Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” деген кітапша
“Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деген кітапша
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу