Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 мамыр 3-б.
  • Өзіңізге Ехоба сияқты қараңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзіңізге Ехоба сияқты қараңыз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ехоба сізді жақсы көретініне сеніңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Беймәлім жайттарға келгенде, қарапайым болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Ехоба “жүрегі жаралы жандарды сауықтырады”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 мамыр 3-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Өзіңізге Ехоба сияқты қараңыз

“Ехоба өз халқынан рақат табады” (Зб 149:4). Кемелсіз болсақ та, ол біздің жақсы қасиеттерімізді және потенциалымызды байқайды. Бірақ бұны кейде өзіміз көре бермеуіміз мүмкін. Өйткені өзгелердің бізге деген көзқарасынан өзімізді төмен санап жатамыз. Я болмаса бұрынғы қателіктеріміздің кесірінен Ехоба мені жақсы көрмейді деп ойлауымыз мүмкін. Осындай жағымсыз сезімдермен күресуге не көмектеседі?

Ұмытпаңыз, Ехоба адамдар көре алмайтын нәрсені көре алады (С1ж 16:7). Тіпті өз бойымыздан өзіміз байқай бермейтін нәрсені Ехоба жақсы байқайды. Қуанышқа орай, Ехобаның бізге қалай қарайтыны Киелі кітапта айтылады. Ондағы тармақтарды, оқиғаларды қарастырғанда, Ехоба өз қызметшілерін қаншалықты жақсы көретінін анық байқауға болады.

“ЕХОБАНЫҢ СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІНЕ ЖҮРЕГІҢДІ ИЛАНДЫР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Марафонға қатысқан бала мен оның әкесі жайлы мысалдан Ехобаның бізге деген көзқарасы жайлы не білеміз?

  • Ауыр күнә жасап, кейін Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін қажетті қадамдар жасаған адам Ехоба оны жақсы көретініне жүрегін қалай сендіре алады? (Ж1х 3:19, 20)

  • Дәуіт пен Жосафаттың оқиғасы жайлы оқып, ой жүгірткені ер бауырласқа қалай көмектесті?

Киелі кітаптағы оқиғалар бізді мынаған сендіреді:

Өзгелер бізге қалай қарамасын, Ехоба бізді жақсы көреді

  • Енох (М1ж 5:24; Ев 11:5; Яһ 14, 15)

  • Ханна (С1ж 1:1—2:11, 18—21, 26)

Күнәларына өкінгендерді Ехоба кеңпейілмен кешіреді

  • Манаса (Ш2ж 33:1—7, 12, 13)

  • Пауыл (Т1х 1:12—16)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу