Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb22 қыркүйек 5-б.
  • Неке — өмірлік одақ

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неке — өмірлік одақ
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Ұқсас мәлімет
  • Салтбастылық пен неке жайлы Киелі кітапта не айтылған?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Некенің сәтті болуы үшін жасалатын дайындық
    Отбасы бақытының сыры
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
mwb22 қыркүйек 5-б.
Бір ерлі-зайыпты бірге уағыздап жүр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Неке — өмірлік одақ

Бақытты отбасы Ехобаға мадақ әкеледі, ал ерлі-зайыптыларға қуаныш сыйлайды (Мр 10:9). Шайқалмайтын бақытты некеге қол жеткізгісі келсе, мәсіхші жар таңдағанда Киелі кітап принциптерін барынша ұстануы қажет.

Негізі, “албырт шақтан өткенше”, біреумен кездесуді қоя тұрған дұрыс. Өйткені жыныстық құштарлық өршіп тұрғанда, дұрыс ойланып, дұрыс шешім қабылдау өте қиын (Қ1х 7:36). Қайта, бойдақ кезді тиімді пайдаланып, Құдаймен қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз, мәсіхшілерге тән қасиеттерді дамытыңыз. Солай етсеңіз, болашақта некеңізді бақытты етуге көп үлес қоса аласыз.

Неке құруға келіспес бұрын, адамның “жан-дүниесін” танып-білу маңызды. Ол үшін қанша уақыт қажет болса, өзіңізге сонша уақыт беріңіз (Пт1х 3:4). Бір нәрсеге қатты күдіктенсеңіз, кездесіп жүрген адамыңызбен соны ашық талқылаңыз. Басқалармен қарым-қатынас жасағанда, алуды емес, беруді көбірек ойлаймыз. Некеде де тура солай болу керек (Фп 2:3, 4). О бастан Киелі кітап принциптерін ұстанып үйренген адам некеге тұрғаннан кейін де оларды оңай орындайды. Бұндай адамның некесі бақытты да баянды болады.

“НЕКЕ ҚҰРУҒА ДАЙЫНДЫҚ. 3-БӨЛІМ: “ШЫҒЫНДЫ ЕСЕПТЕП АЛ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Қыз бауырластың Шэйнмен қарым-қатынасы қалай дамыды?

  • Шэйнды жақсырақ таныған сайын, ол нені байқай бастады?

  • Ата-анасы оған қалай көмектесті және ол қандай дана шешім қабылдады?

Кездесіп жүрген ер бауырлас қыз бауырлас жайлы былай ойланғаны жөн:

Оның бойында мәсіхшіге тән қандай қасиеттер бар? Патшалықты бірінші орынға қоятыны неден байқалады? Киелі кітапта айтылған не ұйымнан келген нұсқауларды құрметтей ме? Басқаларға қамқорлық көрсете ме?

Кездесіп жүрген қыз бауырлас ер бауырлас жайлы былай ойланғаны жөн:

Оның бойында мәсіхшіге тән қандай қасиеттер бар? Жұмысты, ақшаны, демалуды не спортпен айналысуды Ехобаға деген ғибадаттан және қауымдағы жауапкершіліктерінен жоғары қоймай ма? Отбасына қалай қарайды? Басқаларға қамқорлық көрсете ме?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу