ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Зерттеушіге жаман ортадан қашық болуға көмектесіңіз
Ехобамен дос болу үшін зерттеушіге жақсы орта таңдау керек (Зб 15:1, 4). Өйткені сондай орта ғана оған жақсы ықпал етіп, дұрыс нәрсені істеуге көмектеседі (Н.с 13:20; lff 48-сабақ.
Зерттеушіңізге жаман ортадан ажырауға көмектескен кезде оған түсінікпен қараңыз. Қанша дегенмен, осы дүниедегі достарын тастап кету, олармен араласпау қиын ғой. Сондықтан оған тек зерттеу сабағында ғана емес, былай кезде де шынайы көңіл бөліңіз. Мысалы, хабарлама жазыңыз, қоңырау шалыңыз, үйіне кіріп шығыңыз. Рухани өсіп жатқан зерттеушіңізді Құдай халқымен бірге уақыт өткізуге шақырсаңыз болады. Сонда ол жоғалтқаннан гөрі тапқаны әлдеқайда көп екеніне көз жеткізеді (Мр 10:29, 30). Сіз де Ехобаның отбасы кеңейіп жатқаның көріп қуанып қаласыз.
“КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ: ЖАМАН ОРТАДАН ҚАШЫҚ БОЛУҒА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Жаман орта деген не? (Қ1х 15:33)
Мәсіхшілердің отырыстарын Лара қалай елестетті?
Нита Лараға жаман ортасын жақсы ортаға ауыстыруға қалай көмектесті?