Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb21 мамыр 13-б.
  • Отбасыңыз сүйіспеншілікке толсын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасыңыз сүйіспеншілікке толсын
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Ұқсас мәлімет
  • Отбасын қалай бақытты етуге болады?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайға жағатын, жанұя тұрмысы
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Некені баянды етер екі кілт
    Отбасы бақытының сыры
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
mwb21 мамыр 13-б.
Бір отбасы қауым кездесуінде ән шырқап тұр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Отбасыңыз сүйіспеншілікке толсын

Отбасының ұйытқысы — сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік болмаса, отбасының бірлігі шайқалып, өзара жұмыла әрекет ете алмай қалады. Ендеше, күйеулер, әйелдер, ата-аналар отбасында қалай сүйіспеншілік көрсету керек?

Отбасын сүйетін күйеу әйелінің қажеттіліктерін, көзқарасы мен сезімдерін ескереді (Еф 5:28, 29). Сонымен қатар ол отбасының материалдық және рухани жағдайын жасайды (Т1х 5:8). Мысалы, бұл үшін ол жүйелі түрде отбасылық ғибадатты өткізіп тұрады. Ал отбасын сүйетін әйел күйеуіне бағынады және оған “зор құрмет көрсетеді” (Еф 5:22, 33; Пт1х 3:1—6). Күйеуі де, әйелі де бір-бірін кеңпейілмен кешіруге асық болу керек (Еф 4:32). Сүюші ата-аналар балаларының әрқайсысына жеке көңіл бөліп, оларға Ехобаны сүюді үйретеді (М5ж 6:6, 7; Еф 6:4). Мысалы, балаларыңыз мектепте қандай қиындық көріп жүр? Құрдастарының қысымына қалай төтеп беріп жүр? Үй ішінде сүйіспеншілік қатты сезіліп тұрса, отбасының әрбір мүшесі өзінің арқа сүйер тірегі бар екенін біліп, қаннен-қаперсіз жүреді.

“ОТБАСЫНДА САРҚЫЛМАЙТЫН СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • “Отбасында сарқылмайтын сүйіспеншілік танытайық” бейнеролигінен бір үзінді: Қауым кездесуінен үйге енді келген ерлі-зайыпты Киелі кітап тармағын талқылап отыр.

    Әйелін сүйетін күйеу қалай оған нәр беріп, аялап күтеді?

  • “Отбасында сарқылмайтын сүйіспеншілік танытайық” бейнеролигінен бір үзінді: Қауымнан енді үйіне келген әйел бауырлас Куәгер емес күйеуін сабырмен тыңдап, оны тыныштандырып жатыр.

    Күйеуін сүйетін әйел қалай оған зор құрмет көрсетеді?

  • “Отбасында сарқылмайтын сүйіспеншілік танытайық” бейнеролигінен бір үзінді: Бір отбасы жейтін тіске басарларын алып, қауымда ұнаған ойларды талқылап отыр.

    Балаларын сүйетін ата-ана қалай Құдай Сөзін олардың жүрегіне ұялатады?

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНҒАНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Байқамасақ, электронды құрылғылар көп уақытты алып қояды. Соның кесірінен бір-бірлеріңізге көңіл бөлуге уақыт жетпей, отбасында сүйіспеншілік суып кетуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар өздерінің және балаларының электронды құрылғыны қолданатынын уақытын шектеп қоюды жөн көрер. Бұған қоса, балаларына басқалармен онлайн араласуға бола ма, жоқ па және кіммен араласатынын ата-анасы шешу керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу