Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb21 қаңтар 11-б.
  • Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Ұқсас мәлімет
  • Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Шомылдыру рәсімінен өтушілерге қойылатын талаптарға сай келу
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
mwb21 қаңтар 11-б.
Ехобаға қызмет етуді бейнелейтін ирелең жол. Жол бойындағы белгілер мына қадамдарды білдіреді: Киелі кітапты зерттеу, қауым кездесуіне бару, уағыз ісіне қатысу және шомылдыру рәсімінен өту.

Шомылдыру рәсіміне апарар жолдың қай жеріндесіз?

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз

Жас жариялаушылардың бірі болсаң я Киелі кітапты зерттеп жүрген болсаңыз, шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат еттіңіз бе? Неге шомылдыру рәсімінен өтуге талпынуыңыз керек? Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту — Ехобамен ерекше қарым-қатынастың бастамасы (Зб 91:1). Сондай-ақ бұл қадамдар сіздің құтқарылуыңызға сеп болады (Пт1х 3:21). Осы мақсатқа жету үшін не істей аласыз?

Бұл жолдың ақиқат екеніне көз жеткізіңіз. Көкейіңіздегі сұрақтардың жауабын табу үшін қосымша ізденіңіз (Рм 12:2). Қай жағынан өзгеруіңіз керектігін анықтаңыз. Бірақ өзгерудегі ниетіңіз Ехобаның көңілінен шығу болсын (Н.с 27:11; Еф 4:23, 24). Үнемі оған дұға етіп, көмек сұрай беріңіз. Ехоба құдіретті киелі рухымен сізді қолдап, нығайтатынына сенімді болыңыз (Пт1х 5:10, 11). Осыларды істеуге күш салсаңыз, еш өкінбейсіз. Өйткені Ехобаға қызмет ету — ең керемет өмір жолы! (Зб 16:11).

“ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕ АПАРАР ЖОЛ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Шомылдыру рәсімінен өту үшін кейбіреулер қандай кедергілерден өтті?

  • Ехобаға бағышталу үшін сеніміңізді қалай өсіре аласыз?

  • Кейбіреулерді шомылдыру рәсіміне қажетті қадамдарды жасауға не талпындырды?

  • Ехоба оған қызмет етуді таңдағандарды қалай жарылқайды?

  • Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту нені білдіреді?

Шомылдыру рәсіміне арналған баяндаманың соңында баяндамашы осы рәсімнен өткелі жатқандарды орындарынан тұрып, келесі екі сұраққа дауыстап жауап берулерін сұрайды:

Сіз күнәларыңызға өкініп, өзіңізді Ехобаға бағыштадыңыз ба және Иса Мәсіх арқылы құтқарылуға жол ашылғанына сенесіз бе?

Шомылдыру рәсімінен өтуіңізбен сіз Ехоба куәгері болып, Ехобаның ұйымына қосылатыныңызды түсінесіз бе?

Шомылдыру рәсімінің үміткерлері осы сұрақтарға “иә” деп нық жауап берулерімен төлемге сенім танытатындарын және өздерін Ехобаға толықтай бағыштағандарын көпшілік алдында жариялайды (Рим. 10:9, 10).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу