ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 12—14
Сізге қатысы бар келісім
Ехобаның Ыбырайыммен жасасқан келісімі Исаға және онымен бірге билік ететіндерге көктен билік жүргізуге заңды негіз берді.
Бұл келісім б. з. б. 1943 жылы Ыбырайым Қанаханға бет алып, Евфрат өзенін кесіп өткенде өз күшіне енген көрінеді.
Бұл келісім Мәсіхтің Патшалығы Құдайдың барлық жауларының көзін жойып, жер бетіндегі отбасы атаулыны батаға кенелткенге дейін өз күшінде болады.
Ехоба Ыбырайымды зор сенімі үшін жарылқады. Ехобаның уәделеріне сенетінімізді көрсетсек, Ыбырайыммен жасалған келісімнің қандай баталарына кенелеміз?