Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb19 желтоқсан 7-б.
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейімделгіш болу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейімделгіш болу
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ұқсас мәлімет
  • Журналға ұсыныс дайындау
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Бейімделу арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Үй иесіне ой жүгіртуге көмектес
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Қызметте “алтын ережені” ұстанайық!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
mwb19 желтоқсан 7-б.
Екі әйел бауырлас планшетпен фермерге уағыздап жатыр

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейімделгіш болу

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Майланғандар мен басқа қойлар барлық адамды “өмір суын тегін” алуға шақырады (Аян 22:17). Бұл бейнелі су адамзатты күнә мен өлімнен азат ететін Ехобаның барлық шараларын білдіреді. Әдет-ғұрыптары мен діни нанымдары әртүрлі адамдарға көмектесу үшін, “мәңгілік ізгі хабарды” жеке әрқайсысына қызықты болатындай жариялау керек (Аян 14:6).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Сіз тұратын аймақтағы адамдардың жүректеріне жол табатын тақырып пен тармақты таңдаңыз. Осы уақытқа дейін жақсы нәтиже әкелген пікірлесу үлгісін я басқа да ұсыныстарды таңдайтын шығарсыз. Қандай тақырыптар мен тармақтар өтімді? Халықты елең еткізген қандай соңғы жаңалықтар бар? Ер адамдарға не қызық болар еді? Ал әйелдер қауымына ше?

  • Сөйлескенде сіз тұратын аймаққа тән амандасу әдебі мен салт-дәстүрді ескеріңіз (Қ2х 6:3, 4).

  • Қызығушылық танытқандарға “Тәлім беру құралдарындағы” әдебиеттер мен видеоларды көрсету үшін олармен өзіңіз таныс болыңыз.

  • Аймағыңыздағы адамдар сөйлейтін тілдердегі әдебиеттер мен бейнероликтерді алдын ала жүктеп алыңыз.

  • Айтатын тақырыбыңызды учаскедегі адамдардың қажетіне сай өзгертіңіз (Қ1х 9:19—23). Мысалы, үй иесінің жақында біреуі қайтыс болғанын білсеңіз, оған не айтар едіңіз?

БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Жариялаушы үй иесімен қандай тақырыпта сөйлесе бастады?

  • Үй иесінде қандай жағдай болды?

  • Бұл жағдайда қай жазба орны ең ұтымдысы болды және неге?

  • Ұсынысыңыз адамдарға қызықты болу үшін оны қалай бейімдеп жүрсіз?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу