МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Спорт па, әлде Құдайға шын берілгендік пе?
Әрине, денені жаттықтырған пайдалы. Бірақ рухани “жаттығулармен” салыстырғанда, оның пайдасы шамалы (Т1х 4:8). Сондықтан мәсіхшілер, спорт ойындарына келгенде, байсалды көзқарасты ұстанғандары жөн.
“СПОРТТЫҢ ӨМІРІҢДЕГІ ОРНЫ ҚАНДАЙ?” ДЕГЕН ФЛОМАСТЕРЛІК АНИМАЦИЯНЫ КӨРГЕН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
1. Спорт адамды қай жағынан шыңдайды?
2. Белгілі бір спорт түрін таңдамас бұрын, қандай үш жайтты есепке алған дұрыс?
3. Қандай спорт түрін көретінімізге не ойнайтынымызға қатысты Зәбүр 11:5-те нендей нұсқау бар?
4. Спорт ойындарын ойнағанда Філіпіліктерге 2:3 пен Нақыл сөздер 16:18-дегі кеңестерді қалай қолдансақ болады?
5. Спорт ойындарын көруге не ойнауға тым көп уақыт кетірмеуге қатысты Філіпіліктерге 1:10-да қандай кеңес бар?