Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb19 маусым 8-б.
  • Жеке зерттеуде жетістікке жете беріңіз!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жеке зерттеуде жетістікке жете беріңіз!
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ұқсас мәлімет
  • Жемісті болатын зерттеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Киелі кітапты зерттеу пайдалы да ұнамды
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Патшаларға берілген нұсқауды ұстаныңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамытыңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
mwb19 маусым 8-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жеке зерттеуде жетістікке жете беріңіз!

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Құдай Сөзін жеке зерттеу — “шындықтың ұзындығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін толық ұғудың” керемет тәсілі (Еф 3:18). Бұған қоса бұл бізге осы зұлым дүниеде таза да кінәратсыз болып қалуға әрі “өмір сөзін берік ұстануға” зор көмегін тигізеді (Фп 2:15, 16). Киелі кітапты жеке зерттегенде біз дәл өзімізге қажетті мәліметті таңдап, іздене аламыз. Жазбаларды оқып-зерттеудің пайдасын барынша бойымызға сіңіру үшін не істесек болады?

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Жеке зерттеуге арналған Киелі кітабыңыздағы (электронды не қағаз жүзінде болсын) тармақтарды бояп, керекті ойларды жазып қойыңыз

  • Құдай Сөзін оқи отырып кім, не, қашан, қайда, неге, қалай деген сұрақтардың жауабын іздеңіз

  • Дерек-дәйек жинаңыз; қолда бар ізденіс құралдарын пайдаланып, сол тармақ не тақырып бойынша ізденіс жүргізіңіз

  • Білгеніңізді өзіңізге қалай қатыстыруға болатынын асықпай ойланыңыз

  • Күнделікті өмірде оқып-білгеніңізге сай әрекет етіңіз (Лқ 6:47, 48)

“ШЫНДЫҚ СӨЗІН БЕРІК ҰСТАНУ” ҮШІН ТЕРЕҢ ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРСЕТІП, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Бауырластар жеке зерттеу туралы қандай пікірлер айтты?

  • Неге зерттемес бұрын әрдайым дұға айтқан дұрыс?

  • Киелі кітап үзіндісін терең түсіну үшін не істесек болады?

  • Зерттеуге арналған Киелі кітабымызға қандай белгілер қоюға болады?

  • Құдай Сөзін зерттеген кезде оқығанымызды ой сүзгісінен өткізу неліктен маңызды?

  • Оқып-білген соң, ол мәліметпен не істеу керек?

Қыз бауырлас Киелі кітапты терең зерттеп жатыр; ер бауырлас дұға етіп отыр; бауырлас Киелі кітабын белгілі бір түспен бояуда; әйел бауырлас екі ер адамға Киелі кітапқа жазып алғандарын көрсетіп жатыр

“Сенің заңыңды сондай қатты сүйемін, Күні бойы сол жайлы ойға шомып жүремін” (Зб 119:97).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу