МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жазбалардың тыңғылықты зерттеушісі болыңыз
Түрлі сынақтарда Даниял сияқты адал болғыңыз келер ме еді? Даниял Құдай Сөзін, ондағы мәні терең пайғамбарлықтарды тыңғылықты зерттеген (Дн 9:2). Киелі кітапты терең зерттеу сізге де сынақтарда адалдықтан таймауға көмектеседі. Қалайша? Ол Ехобаның уәделерінің жүзеге асатынына деген сеніміңізді нығайтады (Еш 23:14). Сондай-ақ Ехобаға деген сүйіспеншілігіңізді арттырады, бұл болса сізді дұрыс нәрсені істеуге талпындырады (Зб 97:10). Бірақ зерттеуді неден бастаған жөн? Келесі кеңестерге назар аударыңыз.
Нені зерттеу қажет? Жақсы зерттеуге қауым кездесулеріне дайындалу да кіреді. Апта сайынғы Киелі кітапты оқудың толықтай пайдасын көру үшін, түсініксіз болған тұстарын зерттеуге уақыт бөлген жақсы. Бұған қоса, кей бауырластар Киелі кітап пайғамбарлықтарын, киелі рухтың жемісін, елші Пауылдың миссионерлік сапарларын я Ехобаның керемет жаратылыстарын зерттейді. Киелі кітаппен байланысты қандай да бір сұрақ туындап қалса, жазып алып, жеке зерттеуіңізде тереңірек қарастырсаңыз болады.
Мәліметті қайдан табуға болады? Мысалы, “Рухани қазынаны іздеуге көмектесетін құралдар” бейнеролигін көрсеңіз болады. Тапсырма ретінде Даниял кітабының 7-тарауында сипатталған әрбір жануардың нені бейнелейтінін ізденіс жасап көріңіз.
Зерттеуге қанша уақыт бөлген дұрыс? Жүйелі түрде зерттеу жүргізу — рухани денсаулығымыздың кепілі. Бастапқыда қысқа мәліметтерді зерттеңіз, сосын біртіндеп зерттеу уақытын ұзартыңыз. Құдай Сөзін зерттеуді жасырын жатқан қазынаны іздеп табумен салыстыруға болады. Қазынаны тапқан сайын, әрі қарай да “қазғың” келе береді (Н.с 2:3—6). Осылай Жазбаларға құштарлығыңыз артып, жүйелі түрде Киелі кітапты жеке зерттеу өміріңізден ойып тұрып орын алады (Пт1х 2:2).
ДАНИЯЛ КІТАБЫНЫҢ 7-ТАРАУЫНДА СИПАТТАЛҒАН ЖАНУАРЛАР НЕНІ БЕЙНЕЛЕЙДІ?
ҚОСЫМША СҰРАҚ:
Даниял 7:8, 24 қалай орындалды?
КЕЛЕСІ ЖОБА:
Аян кітабының 13-тарауындағы жыртқыш аңдар нені бейнелейді?