МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Өз-өзіңізді кешіресіз бе?
Ехоба кешіріп қойған бұрынғы күнәларымыз үшін өзімізді кешіру қиын болуы мүмкін. Бұл жөнінде 2016 жылы өткен “Ехоба Құдайға адал болайық!” деп аталатын аймақтық конгресте баяндама мен бейнеролик ұсынылған еді. JW Library қосымшасын пайдаланып, сол бейнероликті қайтадан көріп шығыңыз. Сосын төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Соняның қауымнан шығарылғанына қанша уақыт болған еді?
Ақсақалдар Соняға қандай тармақ оқып берді және бұл оған қалай көмектесті?
Соня қауымға қайта қабылданғанда бауырластар не істеді?
Ол қандай сезімдермен күресті, ал әкесі оған қалай көмектесті?