ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕРЕМИЯ 44—48
“Өзің үшін ұлы нәрселерге ұмтылуды доғар”
Барух патша сарайында қызмет еткен білімді, лауазымды адам болғанға ұқсайды. Ехобаға ғибадат етіп, Еремияға адалдықпен көмектесіп жүргенмен, бір кездері оның назары басқа жаққа ауып кетті. Ол “ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыла” бастады. Бәлкім, Барух патша сарайындағы атақ-даңқын өсіргісі келген шығар немесе дәулетті өмірге қызыққан болар. Иерусалим жақын арада жойылатындықтан, аман қалу үшін ол ойын өзгертуі қажет еді.