ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҚЫЛ СӨЗДЕР 27—31
Киелі кітаптағы жақсы әйелдің бейнесі
Нақыл сөздердің 31-тарауында Лемуел патшаға анасының айтқан өсиеті жазылған. Ол ұлына әйел таңдағанда қандай қасиеттеріне назар аудару керектігін айтқан.
Жақсы әйел сенім артуға тұрады
Отбасында шешім қабылдау керек болғанда, ол құнды ұсыныстар айтады, сөйте тұра отағасына мойынсұнады
Күйеуі оның дұрыс шешім қабылдайтынына сенеді әрі әрбір мәселеде өзінен рұқсат сұрайды деп күтпейді
Жақсы әйел еңбекқор
Ол ақшаны үнемдеп жұмсауды әрі қарапайым өмір кешуді үйренген; оның үй ішіндегілері ұқыпты да таза киініп жүреді және үйде әрдайым қажетті ас-ауқат болады
Үй ішіне күні-түні қарайлап, көп еңбектенеді
Жақсы әйелдің рухани күйі мықты болады
Ол Құдайдан қорқады әрі онымен қарым-қатынасын нығайтады