ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҚЫЛ СӨЗДЕР 7—11
“Жүрегімізді жамандыққа бұрмайық”
Ехобаның нұсқаулары бізді жамандықтан қорғайды. Бірақ бұл үшін оларды өз жүрегімізде сақтауымыз қажет (Н.с 7:3). Ехобаның қызметшісі жүрегін жамандыққа бұрса, Шайтанның тез шырмап алатын торына түсіп қалуы оп-оңай. Нақыл сөздер 7-тарауда жүрегінің алдауына беріліп қалған жас жігіт жайлы айтылады. Оның қателігінен біз қандай сабақ аламыз?
Шайтан бізді Ехобадан алыстату үшін, бес сезу қабілетіміз арқылы жаман іске итермелеуге тырысады
Даналық пен түсінік күнәнің рухани күйімізді күйрететін ауыр зардабын көріп, одан аулақ болуға көмектеседі