ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 45—51
Ехоба жаралы жүрекке теріс қарамайды
51-інші зәбүр жырын Дәуіт жазған. Бұл — Натан пайғамбар оның Барсабиямен жасаған күнәсін бетіне басқан соң жазылған туынды. Ар-ұяты қинаған Дәуіт күнәсін кішіпейілділікпен мойындады (С2ж 12:1—14).
Дәуіт күнә жасады, алайда рухани күйін оңалтуға әлі кеш емес еді
Күнәсін мойындап өкінбейінше, ар-ұяты оның жанын жегідей жеді
Құдайдың ықыласынан айырылып қалғандықтан, сүйектері күйреген жандай қиналды
Бұған дейін сезінген қуанышын аңсап, кешірімге ие болуды, рухани қайта нығаюды қалады
Кішіпейілділік танытып, Ехобадан бойында бойсұнушылық рухын оятуды сұрады
Ехобаның рақым ететініне кәміл сенді