Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызметте жақсы көмекші бола біл
Бұл неліктен маңызды? Иса уағызға серікпен шығудың маңызды екенін білген. Сол себепті ол 70 шәкіртін уағызға екі-екіден жіберген (Лұқа 10:1). Қызметтегі серік қасындағы жариялаушы қиын жағдайға түсіп қалғанда не үй иесіне қалай жауап беру керектігін білмей қалғанда қажетті қолдау көрсете алады (Уағ. 4:9, 10). Ол өзімен бірге қызметке шыққан бауырласқа тәжірибелі бола түсуге көмектесу үшін өз тәжірибесімен бөлісіп, кейде кеңес айтса болады (Нақ. с. 27:17). Сондай-ақ ол бір үйден екінші үйге жеткенше нығайтарлық әңгіме айтып, қасындағы бауырласты жігерлендіре алады (Філіп. 4:8).
Осы айда былай етіп көр:
Серігіңмен қызметті аяқтарда оның қандай сөздері немесе істері сен үшін көмек болғанын айт.