Ұсыныс үлгісі
Шілденің бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Келісетін шығарсыз, адамдардың барлығы дерлік ұзақ әрі бақытты өмір сүргісі келеді. Қалай ойлайсыз, күндердің күнінде ғылым мен медицинаның арқасында адамдар мәңгі өмір сүре алатын бола ма? [Жауабын күт.] Мына журналда не жазылғанына назар аударыңызшы”. [1 шілдедегі “Күзет мұнарасының” артқы бетіндегі мақаланы көрсетіп, бірінші сұрақтың астындағы мәлімет пен кем дегенде келтірілген бір жазба орнын талқыла. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
Ескерту: Бұл ұсыныс 6 шілдеде уағыздауға арналған кездесуде көрсетілсін.
“Күзет мұнарасы” 1 шілде
“Біз сөйлескен адамдардың көбісінің өз діндері бар. Басқалары болса діннен көңілдері қалғанын айтады. Қалай ойлайсыз, не себепті олардың діннен көңілі қалған? [Жауабын күт.] Киелі жазбаларда шынайы дінді қалай анықтауға болатыны туралы айтылған [Лұқа 6:44а оқы.] Бұл журналда кейбір діндердің қандай жаман жеміс әкелетіні туралы жазылған. Сондай-ақ онда “Адам көңілін қалдырмайтын шынайы дін бар ма?” деген сұраққа жауап берілген”.
“Құдайдан келген қуанышты хабар”
“Біз осы аймақта тұратын отбасылармен Киелі жазбалардағы жігер беретін ойлармен бөлісіп жүрміз. Біз сөйлескен адамдардың көбісін сүйіспеншілікке толы Құдай неге жер бетінде қайғы-қасіреттің болуына жол беріп отыр деген сұрақ мазалайды. Ал сіз қалай ойлайсыз, адамдардың қайғы-қасірет көруі Құдайдың жерге қатысты ниетіне кірді ме?” [Жауабын күт. Сосын 5-сабақты ашып, алғашқы екі абзацты және көлбеу қаріппен берілген жазба орындарын оқып, талқыла. Қалың қаріппен берілген келесі сұрақты қарастыру үшін қайта баруға келіс.]