Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 2 8—10 бет.
  • Құдай Патшалығы жер бетіне қашан билік етеді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы жер бетіне қашан билік етеді?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ИСА АЛДЫНА АЛА АЙТЫП КЕТКЕН ОҚИҒАЛАР
  • ИСА АЙТҚАН БЕЛГІНІҢ БІЗ ҮШІН ҚАНДАЙ МӘНІ БАР?
  • Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Армагеддонның жақын екенін қайдан білеміз?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Жұмақ жақын!
    Сен Құдаймен дос бола аласың!
  • Дүниенің соңы жақын ба?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 2 8—10 бет.
Ехоба куәгерлерінің бірі әдебиет арбасына жақындаған әйелге шақыру қағазын беріп жатыр.

Құдай Патшалығы жер бетіне қашан билік етеді?

Иса пайғамбардың кейбір ізбасарлары Құдай Патшалығы жер бетіне қашан билік ететінін сұрағанда, Иса оларға мұның нақты уақытын біле алмайтындарын айтады (Елшілердің істері 1:6, 7). Бірақ бұған дейін ол ізбасарларына “Құдай Патшалығының таяп қалғанын” және жер бетін басқаратын уақыты жақындағанын қалай білуге болатынын айтқан еді: олар белгілі бір оқиғалардың бәрі бір уақытта орындалып жатқанын көргенде, Құдай Патшалығының билік ететінін кезі келгенін түсіне алатын (Лұқа 21:31).

ИСА АЛДЫНА АЛА АЙТЫП КЕТКЕН ОҚИҒАЛАР

Иса пайғамбар былай деген: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, қатты жер сілкіністері, түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер болады” (Лұқа 21:10, 11). Адамның саусақ сызықтары саусақ таңбасын құрайтындай, бұл оқиғалардың бәрі бірге анық та айқын бір белгіні құрайды. Саусақ таңбасына қарап оның иесін жаңылмай анықтауға болады. Дәл сол сияқты, Иса пайғамбар айтқан оқиғалардың бір уақытта орындалуына қарап “Құдай Патшалығының таяп қалғанын” білуге болады. Бүгінде сол оқиғалардың бәрі бір уақытта әрі дүниежүзі бойынша орындалып жатыр деп айта аламыз ба? Иә! Қазір бұған дәлел келтіріп кетейік.

1. СОҒЫСТАР

Бомбалаушы ұшақ, танк және реактивтік снаряд.

1914 жылы тарихта бұрын-соңды болмаған, адамзатты қан қақсатқан соғыс бұрқ етті! Тарихшылар бұл жылды әлемді өзгерткен жыл деп атайды, өйткені сол жылы алғаш рет дүниежүзілік соғыс болды. Танкілер, әуе бомбалары, пулеметтер, улы газдар мен қырып-жоятын басқа да қарулар бұған дейін осы соғыстағыдай мұншалық көп қолданылмаған. Мұның арты екінші дүниежүзілік соғысқа ұласып, әлемге ядролық қарулар енді. Қанды қақтығыстар 1914 жылдан бері әлемнің түрлі жерлерінде орын алып, миллиондаған адамның өмірін қиюда.

2. ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ

Жер сілкінісінің кесірінен ғимараттардың қабырғалары жарылып жатыр.

“Британ энциклопедиясының” мәлімдеуі бойынша, жыл сайын 100 шақты жойқын жер сілкінісі болады екен. Ал Құрама Штаттардың геологиялық қызметінің есебіне сай, “1900 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан есеп бойынша, жыл сайын 16-дай аса қуатты зілзала болады деп күтіледі”. Кейбіреулер “жер сілкіністерін анықтайтын сапалы құралдар пайда болғандықтан, зілзалалар көбейіп кеткендей көрінеді” дейтін шығар. Алайда мынаған еш дау жоқ: жердің түкпір-түкпірінде болып жатқан жойқын зілзалалар адамдарға бұрын-соңды болмағандай көп қасірет әкеп, өмірлерінен айырып жатыр.

3. АШАРШЫЛЫҚ

Өнімнің азайып бара жатқаны көрсетілген диаграмма.

Соғыс, жемқорлық, экономикалық қиындықтар, ауылшаруашылығын дұрыс ұйымдастырмау мен табиғаттың қатаң жағдайларына бейімделмеудің кесірінен әлемде ашаршылық үдеп тұр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 2018 жылға жасаған шолуында былай дейді: “Бүкіл әлем бойынша 821 миллион адам тамаққа жарымай жүрсе, оның 124 миллионы мүлдем аш”. Жеткілікті түрде нәрлі ас қабылдамағандықтан, жыл сайын шамамен 3,1 миллион бала өлім құшады. 2011 жылы әлем бойынша бала өлімінің 45 пайызы аштықтың кесірінен болған.

4. АУРУЛАР МЕН ІНДЕТТЕР

Биохимиялық қатер мен бактериялардың белгілері.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басылымында былай делінген: “XXI ғасырға аяқ баспай жатып-ақ әлемде ауыр індеттер белең алды. Тырысқақ, оба, сары қызба сияқты бұрынғы індеттер қайта шығып, басқа жаңа түрлері де пайда болды. Мысалы, өкпе қабынуы, тұмау індеті, Таяу Шығыс тыныс синдромы (MERS), Эбола және Зика вирустары”. Ал күні кеше ғана COVID-19 пандемиясы жер жаһанды жайлады. Иә, ғалымдар мен дәрігерлер аурулар туралы көп зерттеп-білсе де, олардың емін табуға қауқарсыз.

5. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УАҒЫЗ ІСІ

Жер шарын айнала қоршап тұрған сызық пен беті ашылып тұрған Киелі кітап.

Иса пайғамбар Құдай Патшалығының келіп қалғанын білдіретін белгінің тағы бір бөлігіне назар аударды. Ол былай деді: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14). Дүниеде жантүршігерлік оқиғалар орын алып жатқанда, 8 000 000-нан астам адам Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жариялап жүр. Түрлі ұлттан шыққан олар 240 елде, 1000-нан аса тілде уағыздайды. Адамзат тарихында мұндай жағдай бұған дейін болған емес!

ИСА АЙТҚАН БЕЛГІНІҢ БІЗ ҮШІН ҚАНДАЙ МӘНІ БАР?

Иса пайғамбар айтып кеткен белгіні құрайтын оқиғалар көз алдымызда орындалып жатыр. Бұл бізді неге қызықтыру керек? Өйткені Иса былай деп айтқан: “Сендер де осылардың болып жатқанын көргенде, Құдай Патшалығының таяп қалғанын білесіңдер” (Лұқа 21:31).

Көкте Патша болып тақта отырған Иса жұмақ орнаған жер бетіне қарап отыр.

Жақында Құдай Патшалығы жер бетін Жаратушымыздың еркіне сай өзгертеді

Иса пайғамбар айтқан белгіні және Киелі кітаптың хронологиясын бірге алып қарастырсақ, Құдай өз Патшалығын 1914 жылы көкте орнатқанын білемізa. Сол жылы Құдай өзінің Ұлы Иса Мәсіхті Патша етіп тағайындады (Зәбүр 2:2, 4, 6—9). Жақында Құдай Патшалығы барлық үкіметтерді жойып, жер бетіне өзі билік ететін болады. Сондай-ақ бұл Патшалық жер бетін адамдар мәңгі өмір сүретін жұмаққа айналдырады.

Иса үйреткен дұғадағы “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” деген сөздер көп ұзамай жүзеге асады (Матай 6:10). Құдай Патшалығы 1914 жылы орнағалы бері нендей істер атқаруда? Бұл Патшалық жер бетіне тек өзі билік ететін кезде адамзат үшін не істейді?

a 1914 жыл туралы көбірек білу үшін, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының 32-сабағын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу