“Киелі кітап үйретеді” басылымын ұсыну жолдары
Бұл қосымшада “Киелі кітап үйретеді” басылымы бойынша зерттеу сабағын ұсынудың әртүрлі тәсілдері жазылған. Неғұрлым тиімді болу үшін ұсыныстарды өз сөзіңмен айт, оларды учаскеңдегі адамдарға бейімде және кітаптың назар аударуға болатын жерлерімен жақсылап танысып ал. Учаскеңде тиімді болатын басқа да ұсыныстарды қолдануыңа болады (2005 жылғы қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” (8-бетін қара.).
Апат/қайғы-қасірет
◼ “Қандай да бір апат болғанда, көп адамда Құдай шынымен адамдардың қамын ойлап, олардың қасіретін көріп отыр ма деген сұрақ туындайды. Сіз бұл жайында ойланып көрген бе едіңіз? [Жауабын күт. Петірдің 1-хаты 5:7-ні және 11, 12-беттердегі 11-абзацты оқы.] Мына әдебиетте Құдайдың адамзатты қасіретінен қалай толығымен арылтатыны түсіндіріледі”. 106-беттегі кіріспе сұрақтарды көрсет.
Дұға
◼ “Сіз Құдайдың дұғаларға қалай жауап беретіні туралы ойланып көргенсіз бе? [Жауабын күт. Одан соң Жоханның 1-хаты 5:14, 15-ті және 170—172 беттердегі 16—18 абзацтарды оқы.] Сондай-ақ бұл тарауда неліктен дұға айту керек екені және сөздеріміз Құдайдың құлағына шалыну үшін не істеуіміз керек екені түсіндіріледі”.
Дін
◼ “Көп адам дүниедегі діндерге проблемалардың шешімі емес, қайта олардың түп тамыры деп қарайтын болды. Сіздіңше, дін адамдарға дұрыс бағыт көрсетіп жатыр ма? [Жауабын күт. Одан соң Матай 7:13, 14-ті және 145, 146-беттердегі 5-абзацты оқы.] Мына тарауда Құдай мақұлдайтын діннің алты ерекшелігі талқыланады”. 147-беттегі мәліметті көрсет.
Ехоба Құдай
◼ “Құдайға сенетін көп адам оған жақын болғысы келеді. Сіз Құдайдың Киелі кітап арқылы бізді өзіне жақындауға шақыратынын білген бе едіңіз? [Жауабын күт. Бұдан соң Жақып 4:8-дің бірінші жартысын және 16-беттегі 20-абзацты оқы.] Мына әдебиет адамдарға Киелі кітапты қолданып, Құдай туралы көбірек білуге жақсы көмектеседі”. 8-беттегі кіріспе сұрақтарды көрсет.
Иса пайғамбар
◼ “Иса пайғамбар туралы адамдардың көбісі естіген. Кейбіреулер оны жай ғана керемет адам деп есептесе, өзге біреулері оған Құдіретті Құдай деп табынады. Қалай ойлайсыз, Исаның шын мәнінде кім екенін білгеніміз біз үшін маңызды ма?” [Жауабын күт. Одан соң Жохан 17:3-ті және 37, 38-беттердегі 3-абзацты оқы.] 37-беттегі кіріспе сұраққа адамның назарын аудар.
Киелі кітап
◼ “Адамдарда бұрын соңды осындай көп мәлімет болған емес. Бірақ қалай ойлайсыз, бақытты, табысты өмір сүруімізге көмектесетін кеңесті қайдан табуға болады? [Жауабын күт. Одан соң Тімотеге 2-хат 3:16, 17-ні және 23-беттегі 12-абзацты оқы.] Мына әдебиетте Құдайға жағымды әрі өзімізге пайдалы өмір сүру үшін не істеуге болатыны түсіндіріледі”. 122, 123-беттерді аш та, қоршаудағы мәліметті және суретті көрсет.
Құдай соты
◼ “Құдай соты деген сөзді естігенде, көп адамның көз алдына үлкен қырғын елестейді. Шын мәнінде Құдай соты біз үшін асыға күтуге тұратын жайттардың бірі екенін айтсам, таңғалар ма едіңіз? [Жауабын күт. Одан соң Аян 16:14, 16-ны оқы.] Құдай сотынан соң өмірдің қандай болатынына назар аударыңызшы”. 82—84 беттерді аш та, 21-абзацты оқы.
Мәңгілік өмір
◼ “Адамдардың көбісі денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір сүргісі келеді. Бірақ егер мүмкін болса, мәңгі өмір сүре бергіңіз келер ме еді? [Жауабын күт. Одан соң Аян 21:3, 4-ті және 53, 54-беттердегі 17-абзацты оқы.] Мына кітапта мәңгілік өмірге қалай қол жеткізуге болатыны және сол кезде өмірдің қандай болатыны түсіндіріледі”.
Отбасы
◼ “Қай-қайсымыз болса да отбасымыздың бақытты болғанын қалаймыз, солай емес пе? [Жауабын күт.] Киелі кітапта отбасы бақытты болу үшін ондағы әрбір адамның Құдайға еліктей отырып, сүйіспеншілік көрсетуі керек екені айтылады”. Ефестіктерге 5:1, 2-ні және 135-беттегі 4-абзацты оқы.
Өлім/қайта тірілу
◼ “Көп адам өлген соң не болатынын білгісі келеді. Қалай ойлайсыз, мұны білу мүмкін бе? [Жауабын күт. Одан соң 58, 59-беттердегі 5, 6-абзацтарды оқып, ондағы Екклесиаст 9:5-ті талқыла.] Сондай-ақ бұл басылымда Киелі кітаптағы сөздерге сай, қайтыс болған адамдардың қалай қайта тірілетіні түсіндіріледі”. 75-беттегі суретті көрсет.
◼ “Жақынымыз қайтыс болғанда, оны қайта көруді қатты аңсаймыз. Солай емес пе? [Жауабын күт.] Көп адам Киелі кітаптағы қайта тірілуге қатысты айтылған сөздерден жұбаныш алады. [Жохан 5:28, 29-ды және 71, 72-беттердегі 16, 17-абзацтарды оқы.] Сонымен қатар бұл тарауда мына сұрақтардың жауаптары жазылған”. 66-беттегі кіріспе сұрақтарды оқы.
Соғыс/бейбітшілік
◼ “Барлық адам бейбітшіліктің болғанын қалайды. Қалай ойлайсыз, дүниежүзілік бейбітшілікке деген үміт жай ғана арман болып қала бере ме? [Жауабын күт. Одан соң Забур 45:8, 9-ды оқы.] Мына әдебиетте Құдайдың өз ниетін жүзеге асырып, дүниежүзіне қалай бейбітшілік орнататыны айтылады”. 35-беттегі суретті көрсет те, 33, 34-беттердегі 17—21 абзацтарды қарастыр.
Тұрғын үй
◼ “Көп жерде лайықты бағаға тәуір үй табу күннен күнге қиындап бара жатыр. Қалай ойлайсыз, әркімнің лайықты үйі болатын кез келе ме? [Жауабын күт. Одан соң Ишая 65:21, 22-ні және 34-беттегі 20-абзацты оқы.] Мына әдебиетте Құдай осы уәдесін қалай орындайтыны жазылған”.
[5-беттегі қоршау]
Ерікті садақа жайында айту
“Егер біздің дүниежүзілік ісіміз үшін кішігірім садақа жасағыңыз келсе, мен қуана қабылдаймын”.
“Негізі, біз әдебиеттерімізді тегін береміз, бірақ осы іске кішігірім садақа бергіңіз келсе, оған қарсы болмаймыз”.
“Мүмкін, сіз бұл істі кім қаржыландырып отыр деп ойлайтын шығарсыз. Біздің дүниежүзілік ісіміз ерікті садақаның арқасында іске асуда. Егер сіздің де кішігірім садақа бергіңіз келсе, мен бұған қуанышты болар едім”.