Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 1 3-б.
  • Құдай Тағала туралы не білеміз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Тағала туралы не білеміз?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайға қалай жақындай аламыз?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Құдай туралы шындық
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдай туралы шындық қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Бейтаныс Құдайға сену
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 1 3-б.
Сұлу табиғатқа тамсанып отырған ер кісі

Құдай Тағала туралы не білеміз?

Көп адам Құдайға, немесе Аллаға, сенеміз дейді. Бірақ олардан “Құдай қандай?” деп сұрасаңыз, алуан түрлі пікірлер естисіз. Бірі Құдайды пендесін күнәсі үшін жазалауға асық тұратын қатал соттаушы деп білсе, өзгесі оны адам не істесе де кешіретін мейірімі шексіз тұлға деп біледі. Тағы біреулер “Құдай тым асқақ, ол біздей жұмыр басты пенделерге көңіл бөлмейді” деп жатады. Осындай сан қилы пікірден соң, көп адам үшін Құдайды танып-білу мүмкін еместей көрінеді.

Құдайды тану қаншалықты маңызды? Құдайды жақыннан танысаңыз, өміріңіз мәнді де мағыналы бола түседі (Елшілердің істері 17:26—28). Сондай-ақ Құдай Тағаланың сізге мейір-шапағы артып, әрдайым қасыңыздан табылады (Жақып 4:8). Құдайды жақсы танып-білгеніңіз түбінде мәңгілік өмірге жетелейді (Жохан 17:3).

Құдайды қалай тануға болады? Мысалы, жан досыңыз туралы ойлап көріңізші. Онымен қалай достастыңыз? Оның есімін, болмысын, нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, жеткен жетістіктері мен арман-мақсаттарын білдіңіз. Осы білгендеріңіздің арқасында оны өзіңізге жақын тарттыңыз.

Құдайды тану үшін де мына жайттарды білген абзал:

  • ҚҰДАЙ ТАҒАЛАНЫҢ ЕСІМІ КІМ?

  • ОНЫҢ СИПАТ-ҚАСИЕТТЕРІ ҚАНДАЙ?

  • БІЗГЕ ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

  • ОНЫҢ НЕНДЕЙ ОЙ-МАҚСАТЫ БАР?

  • ҚҰДАЙДЫ ТАНУДЫҢ БЕРЕР ИГІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Бұл журналдың мақсаты — Киелі жазбаларға сүйеніп, осы сұрақтардың жауабын ортаға салу. Сонда сіз Құдайды танып қана қоймай, оған етене жақын болудың нендей игілік әкелетінін білесіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу