Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 1 5—6 бет.
  • Оқуды қызықты етудің жолдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқуды қызықты етудің жолдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Тараулар мен тармақтар. Оларды Киелі кітапқа кім енгізген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Зерттеу әдістері
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Киелі кітап оқудың қалай көп пайдасын көре аласыз?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Оқып-білуге тұрарлық кітап
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 1 5—6 бет.
Әртүрлі зерттеу құралдарын қолданып Киелі кітапты оқып отырған әйел

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТЫ СҮЙІП ОҚИСЫЗ БА?

Оқуды қызықты етудің қандай жолдары бар?

Киелі кітапты оқудан сіздің ішіңіз пысып кете ме? Әлде, керісінше, одан рақат табасыз ба? Бұл көп жағдайда өзіңізге байланысты. Қазір Киелі кітапты қызығып оқуға көмектесетін әдістерді қарастырайық.

Сенімді әрі заманауи аударманы таңдаңыз. Түсіну қиын, көнерген сөздері көп мәліметті оқу кім-кімге де ұнай бермейді. Киелі кітаптың сөздері жүрегіңізге жету үшін түсінуге жеңіл аударманы таңдаңыз. Оның мұқият әрі тура аударылған болуы да өте маңыздыa.

Жаңа технологияны қолданыңыз. Бүгінде Киелі кітаптың баспа түрі ғана емес, электронды нұсқасы да бар. Оны компьютер, планшет не ұялы телефонда онлайн оқуға немесе жүктеп алуға болады. Кейбір нұсқаларында қосымша функциялар бар. Мысалы, берілген ойға қатысты Киелі кітаптың басқа тармақтарын тез тауып алуға, тіпті бірнеше аудармаларды салыстырып көруге болады. Ал оқудан гөрі тыңдағанды ұнататындар үшін кей тілдерде Киелі кітаптың аудио нұсқалары бар. Көп адам қоғамдық көлікпен келе жатқанда не тыңдауға мүмкіндік беретін істермен айналысқанда, Киелі кітаптың аудио нұсқасын тыңдауды жөн көреді. Мүмкін, сіз де өзіңізге қолайлы нұсқасын таба алатын шығарсыз.

Зерттеу құралдарын қолданыңыз. Бұл құралдар Киелі кітаптағы мәліметтің көп пайдасын көруге септігін тигізеді. Мысалы, карталар Киелі кітаптағы оқиғалардың қай жерде орын алғанын елестетіп, оларды жан-жақты қарастыруға көмектеседі. Сондай-ақ осы журналдағы және jw.org веб-сайтымыздың “Киелі кітап тәлімдері” санатындағы сияқты мақалалар Киелі жазбалардың мәнін аша түседі.

Түрлендіріп оқып көріңіз. Бәлкім, сізге Киелі кітапты басынан аяғына дейін оқып шығу қиын шығар. Онда ынтаңызды арттыру үшін, алдымен өзіңізге ұнайтын жерінен бастап оқысаңыз болады. Мысалы, Киелі кітаптағы көрнекті тұлғалар жайында білу үшін оның кейіпкерлерін таңдап оқып көріңіз. Мұның бір үлгісі “Мазмұнына үңіліп, кейіпкерлерін біле түсіңіз” деген қоршауда келтірілген. Сондай-ақ Киелі кітапты тақырып бойынша немесе оқиғалардың хронологиялық реті бойынша да оқуға болады. Осы әдістердің бірін неге қолданып көрмеске?

a Көп адам “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” тура, сенімді әрі оқуға жеңіл екенін байқаған. Киелі кітаптың бұл аудармасын Ехоба куәгерлері жасаған, әрі ол бүгінде 130-дан аса тілде қолжетімді. Оны jw.org сайтынан жүктеп алуға немесе JW Library қосымшасын жүктеп, сол жерден оқуға болады. Я болмаса Ехоба куәгерлерінен оның басылып шыққан данасын сұрай аласыз.

МАЗМҰНЫНА ҮҢІЛІП, КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІЛЕ ТҮСІҢІЗ

Адал әйелдердің кейбірі

Әбигел

Самуилдің 1-жазбасы 25-тарау

Естер

Естер 2—5, 7—9 тараулар

Ханна

Самуилдің 1-жазбасы 1, 2-тараулар

Мәриям

(Исаның анасы) Матай 1, 2-тараулар; Лұқа 1, 2-тараулар; сондай-ақ Жохан 2:1—12; Елшілердің істері 1:12—14; 2:1—4

Рахаб

Ешуа 2, 6-тараулар; сондай-ақ Еврейлерге 11:30, 31; Жақып 2:24—26

Рабиға

Мұсаның 1-жазбасы 24—27 тараулар

Сара

Мұсаның 1-жазбасы 17, 18, 20, 21, 23-тараулар; сондай-ақ Еврейлерге 11:11; Петірдің 1-хаты 3:1—6

Көрнекті ер адамдардың кейбірі

Ыбырайым

Мұсаның 1-жазбасы 11—24 тараулар; сондай-ақ 25:1—11

Дәуіт

Самуилдің 1-жазбасы 16—30 тараулар; Самуилдің 2-жазбасы 1—24 тараулар; Патшалар 1-жазба 1, 2-тараулар

Иса

Матай, Марқа, Лұқа және Жохан жазған ізгі хабарлар

Мұса

Мұсаның 2-жазбасы 2—20, 24, 32—34 тараулар; Мұсаның 4-жазбасы 11—17, 20, 21, 27, 31-тараулар; Мұсаның 5-жазбасы 34-тарау

Нұх

Мұсаның 1-жазбасы 5—9 тараулар

Пауыл

Елшілердің істері 7—9, 13—28 тараулар

Петір

Матай 4, 10, 14, 16, 17, 26-тараулар; Елшілердің істері 1—5, 8—12 тараулар

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ШЫҒАРҒАН ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

  • JW.ORG. Бұл веб-сайт “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” санаты сияқты зерттеу құралдарына өте бай. JW Library қосымшасын жүктеуге қатысты нұсқаулар да осы сайтта.

  • “Жақсы жерге қараңдар”. Бұл кітапшада Киелі кітапта сипатталған жерлердің суреттері мен карталары барb.

  • “Киелі жазбаларды түсіну”. Екі томнан тұратын бұл энциклопедияда адамдар, жерлер мен тіркестердің мағынасы түсіндіріледіc.

  • “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған әрі тиімді”. Зерттеулерге негізделген бұл кітапта Киелі жазбалардың әр кітабы қашан, қайда және қандай себеппен жазылғаны баяндалады және әр кітапқа шолу жасаладыd.

  • “Киелі кітап. Құдай сөзі ме, адам сөзі ме?” Егжей-тегжейлі зерттеулерден тұратын бұл кішкентай кітапта Киелі кітаптың Құдайдан келген кітап екеніне дәлелдер келтіріледіe.

  • “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” 32 беттен тұратын осы кітапшада бүкіл Киелі кітапқа шолу жасалады.

b Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

c Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

d Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

e Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу