Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 1 4—5 бет.
  • Өтірік өрге баспайды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өтірік өрге баспайды
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨТІРІК СЕНІМНЕН АЙЫРАДЫ
  • ӨТІРІКТЕН ӨТІРІК ТУАДЫ
  • Адалдық жақсылыққа жетелейді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Ұсыныс үлгісі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Шыншылдықты шын сүйіңіз
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 1 4—5 бет.
Сөйлесіп жатқан екі әйел

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | АДАЛДЫҚ — АРДЫҢ ІСІ

Өтірік өрге баспайды

“Жиі үлкен қиындықтарды кішігірім ғана өтірікпен шешуге болады” (Саманта, Оңтүстік Африка).

Сіз осы сөздермен келісесіз бе? Бәріміз де кішігірім өтірікпен шешіп кетуге болатын қиын жағдайларға кезігіп жатамыз. Сондай кездерде қалай әрекет ететінімізден біз үшін ненің маңызды екені көрінеді. Мысалы, егер жұрт алдындағы абыройымызды ғана ойлайтын болсақ, қажет болған кезде өтірікке жүгінуден тайынбаймыз. Алайда шындықтың беті ашылғанда, өтіріктің ащы зардабын тартуымыз мүмкін. Келесі жайттарды қарастырып көрейік.

ӨТІРІК СЕНІМНЕН АЙЫРАДЫ

Сенім — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастың негізі. Бір-біріне сенетін адамдар өзара қауіптенбей, толықтай арқа сүйейді. Бірақ мұндай сенім өздігінен пайда болмайды. Бұл үшін адамдар ашық әңгімелесуге көп уақыт жұмсауы керек және бір-бірінің қамын ойлайтындарын дәлелдеуі қажет. Алайда “бір құмалақ бір қарын майды шірітеді” демекші, бір ғана өтіріктің кесірінен адамдардың сенімінен айырылуымыз мүмкін. Ал оған қайтадан ие болу қиынның қиыны.

Досым деп жүрген адамыңыздың алдап кеткен кезі болған ба? Сонда өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жаныңыз жараланғаны сөзсіз. Өтіріктің кесірінен арадағы сенім жоғалып, достық үзіледі.

ӨТІРІКТЕН ӨТІРІК ТУАДЫ

Калифорния университетіндегі экономика профессоры Роберт Иннес “өтірік айту — жұқпалы” деп айтады. Бұл қылықты вирусқа теңеуге болады. Өтірікші адаммен неғұрлым көп аралассаң, соғұрлым “ауруын жұқтыру” қаупі де көбейеді.

Өтіріктің шырмауына түсіп қалмау үшін не істей аласыз? Бұл үшін Киелі кітаптағы ақыл-кеңестерге жүгінгеніңіз жөн. Олардың кейбірін келесі мақаладан білесіз.

Қулық-сұмдықтың түрлері

Жалған сөйлеу

Неке сақинасын шешіп жатқан ер кісі

БҰҒАН НЕ ЖАТАДЫ? Шындықты білуі тиіс адамға жалған мәлімет айту. Сондай-ақ бұған адамды алдау үшін деректерді бұрмалау, негізгі жайтты жасырып қалу және әсер қалдыру үшін болған жағдайды әдейі әсірелеп айту да жатады.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Ехоба арамза адамнан жеркенеді, Шыншыл адаммен жақын дос болады” (Нақыл сөздер 3:32). “Өтірікті тастағандықтан, енді әрқайсысың өзгеге шындықты айтыңдар” (Ефестіктерге 4:25).

Жала жабу

Бөлмеге кірген кісі туралы сыбырласып жатқан екі ер адам

БҰҒАН НЕ ЖАТАДЫ? Біреудің беделін түсіру үшін арам ниетпен өтірік айту, қаралау не қорлау жатады.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Арандатушы араздық тудырар, Жалақор жақын достарды айырар” (Нақыл сөздер 16:28). “Отын жоқ жерде от өшер, Жалақор жоқ жерде, ұрыс-керіс бітер” (Нақыл сөздер 26:20).

Алаяқтық

Күртешесінің қойнына жасырған қолсағаттарды көрсетіп тұрған кісі

БҰҒАН НЕ ЖАТАДЫ? Алдау-арбау арқылы біреудің ақшасы мен мүлкіне ие болу.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Кедей әрі қиындыққа тап болған жалдамалы жұмысшыны... алдап, ақысын жеме” (Мұсаның 5-жазбасы 24:14, 15). “Бейшараны алдаған оның Жаратушысын қорлайды, Жарлыға жанашырлық көрсеткен Жаратқанды мадақтайды” (Нақыл сөздер 14:31).

Ұрлық

Сөмкеден әмиянды ұрлап жатқан адам

БҰҒАН НЕ ЖАТАДЫ? Біреудің затын рұқсатсыз алу.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Ұры болған енді ұрламасын, қайта, мұқтаждармен бөлісетін нәрсесі болу үшін өз қолымен адал еңбек етсін” (Ефестіктерге 4:28). “Алданбаңдар: ұрылар, ашкөздер, маскүнемдер, өзгелерді балағаттайтындар, тонаушылар Құдай Патшалығын мұра етпейді” (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу