Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.12. 3-б.
  • Есіңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Есіңде ме?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Есіңізде ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Әділдің жолы жарқырай түсуде
    2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.12. 3-б.

ЕСІҢДЕ МЕ?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқып шықтың ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

Заманның соңы келгенде не нәрселер жойылады?

Жойылатын кейбір нәрселер: адамзаттың дәрменсіз үкіметтері, соғыс пен әділетсіздік, Құдайға да, адамға да еш пайдасы жоқ діндер және зұлым адамдар (1.5. 3—5 беттер).

Езекиел кітабында айтылған Магог жеріндегі Гог деген кім?

Магог жеріндегі Гог Шайтанды емес, зор алапат басталғаннан кейін Құдай халқын жойып жіберуге тырысатын одақтасқан халықтарды білдірсе керек (15.5. 29, 30-бет).

Әдемі қартаюдың алты сыры қандай?

Киелі кітапта мынадай кеңестер бар: 1) шама-шарықты ескеру; 2) байсалды болу; 3) жақсы жағын көре білу; 4) бармен бөлісу; 5) достық пейіл таныту; 6) алғыс білдіру. Осы қасиеттер жайлы ойлану адамға әдемі қартаюға көмектеседі (1.6. 8—10 беттер).

Исаның кереметтері оның жомарттығын қалай паш етеді?

Қана қаласында өткен үйлену тойында Иса 380 литр суды шарапқа айналдырды. Тағы бір жолы 5000-нан астам адамды керемет түрде тамақтандырды (Мат. 14:14—21; Жох. 2:6—11). Екі жағдайда да ол жомарт Әкесіне еліктеген (15.6. 4, 5-бет).

Кемелсіз болсақ та, Құдайдың көңілінен шыға алатынымызға неліктен сенімді бола аламыз?

Әйүп, Лұт және Дәуіт сияқты Құдайдың қызметшілері қателіктер жасаған. Бірақ олар Ехобаға қызмет еткісі келгендіктен, істеріне өкініп, өзгерістер жасады. Осылайша олар Құдайдың ықыласына ие болды. Біз де солай ете аламыз (1.7. 12, 13-бет).

Ұлы Бабылмен бірге жалған дінді ұстанғандардың бәрі жойыла ма?

Олай болмаса керек. Зәкәрия 13:4—6 тармақтардағы сөздерге қарағанда, тіпті кейбір дінбасыларының өзі жалтарып, жалған дінді ұстанғандарын мойындамайтын болса керек (15.7. 15, 16-бет).

Неліктен Барақ Дебора барса ғана соғысқа аттануға келісті?

Барақтың сенімі мықты болған. Ол Құдайдан көбірек қару беруін сұраудың орнына, өзін және сарбаздарын нығайту үшін қастарында Ехобаның өкілі — Дебораның болғанын қалады (Би. 4:6—8; 5:7). (1.8. 13-бет).

Мәсіхшілер не жөнінде ой жүгірте алады?

Мысалы, Ехобаның жаратылыстары, Ехобаның баға жетпес Сөзі, дұға ету мәртебесі және сүйіспеншілікпен берілген төлем құрбандығы жайлы ой жүгіртуге болады (15.8. 10—13 беттер).

Біреумен кездесу мәселесіне келгенде жаман ортадан қалай аулақ бола аламыз?

Біз Ехобаға сенбейтін адамдардың бәріне бірдей мейірімді болғымыз келеді. Дегенмен Ехобаның заң-талаптарын құрметтемейтін, оған бағышталмаған не адал қызмет етпейтін адаммен кездесу дұрыс болмас еді (Қор. 1-х. 15:33). (15.8. 25-бет).

Қалайша Петірдің сенімі шайқала жаздады?

Петір сеніммен Исаға қарай су бетімен жүрді (Мат. 14:24—32). Алайда ол дауылды көргенде, қорқып кетті. Кейін ол назарын қайтадан Исаға аударып, оның көмегін қабыл алды (15.9. 16, 17-бет).

Елшілердің істері 28:4-ке сай, неге Мальта тұрғындары елші Пауылды кісі өлтіруші деп ойлады?

Улы жылан Пауылды шағып алғанда, олар әділдіктің әйел тәңірі Дике оны жазалап жатыр деген жаңсақ пікірде болса керек (1.10. 9-бет).

Мартаның көп іске алаңдағанынан қандай сабақ алуға болады?

Бірде Марта ерекше тамақ әзірлеп, әуре-сарсаңға түсті. Иса оған сіңлісі тәлімдерін тыңдап, дұрыс нәрсені таңдағанын айтты. Онша маңызды емес нәрселердің бізді рухани істерден алаңдатуына жол бермеуіміз керек (15.10. 18—20 беттер).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу