Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.8. 3-б.
  • Құдай сізге назар аудара ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай сізге назар аудара ма?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Мықтап ден қойыңдар’
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неліктен көп адамға Құдайды сүю қиын?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай сізді өзіне жақын тартады
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ақылыңызға ақыл қосар даналық
    Ояныңдар! 2021
Көбірек мәлімет
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.8. 3-б.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙ ЖЕКЕ СІЗГЕ КӨҢІЛ БӨЛЕ МЕ?

Құдай сізге назар аудара ма?

“Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын. Ехоба маған назарын салғай”a ИСРАИЛ, ПАТШАСЫ ДӘУІТ, Б. З. Б. ХІ ҒАСЫР).

Шелектен тамған бір тамшы су

“Халықтар шелектегі судың тамшысындай ғана болып көрінеді” (Ишая 40:15).

Дәуіттің Құдай оған назар салады деп күткені орынды ма? Құдай сізге назар аудара ма? Құдіретті Құдайдың өздеріне көңіл бөлетініне көбісі күмәнданады. Неліктен?

Мұның бір себебі Құдай жұмыр басты пенделерден аса жоғары тұрған тұлға болып табылады. Оның ұлы дәрежесінің алдында халықтар “шелектегі судың тамшысындай ғана болып көрінеді, таразыға қонған шаң-тозаң іспетті” (Ишая 40:15). Құдайға сенбейтін бір заманауи жазушы: “Көкте адамдардың өміріне жеке және үнемі назар аударатын тұлға бар деп ойлау еш қисынсыз”,— деп тұжырымдады.

Оның үстіне, кейбір адамдар жасаған іс-әрекеттері оларды Құдайдың назарына ілігуге лайықсыз етеді деп ойлайды. Мысалы, Джим есімді орта жастағы кісі былай дейді: “Сабырлық пен ұстамдылық сұрап қанша дұға етсем де, ашушаң мінезімнен құтыла алмадым. Ақырында мен бойым тұнған зұлымдық, сондықтан Құдай маған көмектеспейді деген ойға келдім”.

Құдай адамдарды байқамайтындай алыста ма? Ол кемелсіз адамдарға қалай қарайды? Құдайдың өзі ашпаса, бұл сұрақтарға ешкім де тура жауап бере алмайды. Алайда Құдай бізге арнаған хаты Киелі кітап арқылы өзінің адамдарды елемейтін алыстағы тұлға емес екеніне сендіріп: “Шындығында [Құдай] әрқайсымыздан алыс емес”,— деп жаздырған (Елшілердің істері 17:27). Келесі төрт мақалада Құдайдың адамдардың әрқайсысына назар аударатынын және сіз сияқты жандарға қалай көңіл бөлетінінің мысалдарын қарастырамыз.

a Забур 40:17 (ЖД); Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу