Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 15.8. 8-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қауымнан шығарылғандарға қатысты қалай әрекет етуіміз керек?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Туыстарың қауымнан шығарылған кезде мәсіхшілер ретінде шексіз берілгендік танытыңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2002
  • Туғандарымыздан гөрі Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз басым
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Жақын адамыңыз қауымнан шығарылғанда
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 15.8. 8-б.

ОҚЫРМАН САУАЛДАРЫ

Мәсіхші ата-ананың қауымнан шығарылған баласымен қауым кездесулерінде бірге отыруына бола ма?

Қауымнан шығарылған адамның Патшалық сарайының қай жерінде отыратынына көп мән берудің қажеті жоқ. Бұл журнал мәсіхші ата-ананы өздерімен бірге тұратын қауымнан шығарылған баласына рухани көмек көрсетуге барынша талпындырады (Әрине, егер ата-ана мұны орынды деп тапса.). 2001 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 желтоқсан айындағы санының 27—29 беттерінде жазылғандай, ата-аналар қауымнан шығарылған, бірақ өздерімен бірге тұратын жасөспірім баласымен тіпті Киелі кітапты зерттеулеріне болады. Осының арқасында бала теріс жолынан қайту үшін қажетті көмек алады.

Патшалық сарайының қай жерінде отыратынына келер болсақ, кәмелет жасқа толмаған қауымнан шығарылған баланың ата-анасының қасында өзгелерді алаңдатпайтындай етіп отырғанында тұрған ештеңе жоқ. Қауымнан шығарылған адамның Патшалық сарайының артқы қатарында отыруы талап етілмейтіндіктен, қауымнан шығарылған бала ата-анасы қай жерде отырса, сол жерде отыра алады. Оның үстіне, ата-ана баласының рухани күйін ойлағандықтан, оның қауым бағдарламасын мұқият тыңдап отырғанына көз жеткізгісі келетіні анық. Сол себепті ата-ана баласын қараусыз қалдырмай, оны қасына алып отыруды қалауы мүмкін.

Қауымнан шығарылған бала ата-анасымен бірге тұрмаса ше? Онда оның қауымда ата-анасымен бірге отыра алмайтын болғаны ма? Қауымнан шығарылған, бірақ бір үйде тұрмайтын туысымен араласуға келгенде, мәсіхші өзін қалай ұстау керектігі әдебиеттерімізде анық жазылғанa. Алайда отбасы мүшелерінің қауымнан шығарылған туысымен қауымда бірге отырулары мен онымен қажетсіз қатынасу үшін сылтау іздеулері — екі бөлек нәрсе. Адал болып қалған отбасы мүшелері қауымнан шығарылған туыстарына қатысты дұрыс көзқарас ұстанса және онымен араласпауға қатысты Жазбалардағы кеңестерді ұстануға тырысса, онда бұған бола уайымдаудың қажеті жоқ (Қор. 1-х. 5:11, 13; Жох. 2-х. 11).

Сонымен қауымнан шығарылған адам кездесу кезінде ешкімді алаңдатпайтын болса, туыстарының не басқа да қауым мүшелерінің қасында отыра алады. Ал бұған қатысты шектеу қойылатын болса, кей жағдайларда бұл белгілі бір қиындықтарды туындатуы мүмкін. Егер бауырластар, олардың ішінде адал болып қалған туыстары, қауымнан шығарылған адаммен қатынасуға қатысты Киелі кітап принциптерін ұстануға тырысса әрі оның қай жерде отыратыны бауырластардың сүрінуіне себеп болмаса, бұған көп мән берудің қажеті жоқ.

a “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабының 207—209 беттерін қара.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу