КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Ібіліс қайдан пайда болды?
Құдай Ібілісті жаратқан жоқ. Бірақ Құдайдың жаратқан бір періштесі кейінірек зұлым жолды таңдап, Шайтан деп те аталатын Ібіліске айналды. Иса пайғамбар Ібілістің бастапқыда адал және күнәсіз болғанын айтқан. Демек, әуел баста Ібіліс Құдайдың әділ періштелерінің бірі болған (Жохан 8:44 оқыңыз).
Құдайдың періштесі қалай Ібіліске айналды?
Ібіліске айналған бұл періште Құдайға қарсы шығып, алғашқы адамзат жұбын да осыған итермеледі. Осылайша ол өз-өзін “жалақор” дегенді білдіретін Ібіліс және “қарсылас” дегенді білдіретін Шайтан етті (Жаратылыс 3:1—5; Аян 12:9 оқыңыз).
Құдайдың басқа да саналы жаратылыстары сияқты Ібіліске айналған періштенің де дұрыс пен бұрысты таңдауға еркіндігі бар еді. Бірақ ол басқалардың өзіне ғибадат еткенін қалай бастады. Ол Құдайға ұнамды болудан гөрі, атақ-даңққа ие болуды көбірек қалады (Матай 4:8, 9; Жақып 1:13, 14 оқыңыз).
Шайтан бүгінде адамдарға қалай әсер етуде? Одан қорқуымыз керек пе? Бұл сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан таба аласыз.