Естеріңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандарындағы мақалалар сендерге ұнады ма? Ұнаған болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңдерші.
• Бала өлі туылса, оның қайта тірілетініне үміт бар ма?
Адам өмірі құрсақта басталады. Ехоба адамның кез келген кезеңде үзілген өмірін қайтара алады, себебі “Құдайдың қолынан бәрі де келеді” (Мар. 10:27). Бірақ туылмай тұрып өліп кеткен нәрестелерді ол қайта тірілтеді деп Киелі кітапта нақты айтылмаған (15.04. 12, 13 беттер).
• Құмырсқаларды, тау даманын, шегірткелерді және жармасқы кесірткелерді бақылап, не білуге болады?
Бұл жаратылыстарда түйсікті даналық бар. Сондықтан олар Құдайдың даналығын паш етеді (Нақ. с. 30:24—28) (15.04. 16—19 беттер).
• Неге Киелі кітап кейде үндемеудің орынды екенін қолдайды?
Үндемеу біреуге құрмет көрсетудің белгісі, парасаттылықтың дәлелі болып табылады, сондай-ақ ой жүгіртуге көмектеседі (Заб. 36:7; 62:7; Нақ. с. 11:12) (15.05. 3—5 беттер).
• Яһуданың қай патшалары Құдай үйінің қамы үшін құлшыныс танытқан?
Яһудада он тоғыз патша билік еткен. Соның төртеуі ғана — Аса, Жосафат, Езекия және Жосия — шынайы ғибадат үшін зор құлшыныс танытқан (15.06. 7—11 беттер).
• Рухани ас-су дайындауға майланған мәсіхшілердің бәрі қатыса ма?
Жоқ. Құдай рухымен майланғандардың бәрі адал да ақылды құл табына жатады, бірақ рухани ас-су дайындау ісін Басқараушы кеңеске кіретіндер ғана ұйымдастырады (15.06. 22—24 беттер).
• Жасөспірім балаларыңды ересек өмірге қалай дайындай аласыңдар?
Жасөспірімді ересек өмірге дайындау үшін, өздері дұрыс шешім қабылдай алатын ‘ақылды’ (Тт) адам болып өсуіне көмектесу керек (Рим. 12:1, 2). Киелі кітап принциптерін іс жүзінде қолдану арқылы оларды жауапкершілікті сезінуге, дұрыс шешім қабылдауға және теріс жолдан сақтануға үйретуге болады (Філіп. 4:5; Ғал. 6:7; Қол. 3:21). Киелі кітап принциптері — отбасы бақытының іргетасы (Шіл.—қырк. 10-бет).
• Иоас жайлы мәліметтен қандай сабақ аламыз?
Біз ешқашан қатыгез және өзгелерді жек көрген Гофолия сияқты болғымыз келмейді. Керісінше, біз Иса үйреткендей, бауырластарымызды, тіпті жауларымызды да жақсы көруіміз керек (Мат. 5:44; Жох. 13:34, 35). Сондай-ақ егер Иоас сияқты дұрыс әрекет етуді бастаған болсақ, әрі қарай да жалғастырып, Ехобаны жақсы көретін және оған қызмет етуге талпындыратын адамдармен дос бола берейік (Шіл.—қырк. 24-бет).
• Неге Исаның дінбасыларынан негізгі ерекшелігі сүйсіпеншілік дей аламыз?
Дінбасылары қарапайым халықты жақсы көрмеді, керісінше оларды кемсітті. Бұған қоса олар Құдайды да сүймеді. Ал Иса Әкесін жақсы көрді және адамдарға жаны ашыды (Мат. 9:36). Сондай-ақ оларға жылулық, жанашырлық және мейірімділік танытты (15.07. 15-бет).