Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.8. 8—13 бет.
  • Ехобаның мейірімділігі — біз үшін пайдалы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның мейірімділігі — біз үшін пайдалы
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мейірімділіктің сүйіспеншілік пен адалдықтан айырмашылығы
  • Құтқарылу — мейірімділіктің танытылуы
  • Ехобаның мейірімділігі мен жетекшілігі
  • Құдайдың мейірімділігі қиыншылықтарда көмектеседі және қорғайды
  • Құдайдың мейірімділігі ешқашан сарқылмайды
  • Құдайдың қызметшілерінің игілігі үшін
  • Сүйіспеншілікке толы мейірімділік тілімізді дұрыс қолдануға талпындырғай!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Көмекке мұқтаждарға мейірімділік танытыңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның сүйіспеншілікке толы мейірімділігі үшін ризашылығымызды білдірейік.
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Ехоба ізгіліктің асқан үлгісі
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.8. 8—13 бет.

Ехобаның мейірімділігі — біз үшін пайдалы

“Кім дана болса, сол... Тәңірдің мейірімділігін түсінеді (ұғынады)” (ЗАБУР 106:43).

1. Киелі кітапта “мейірімділік” деген сөз алғаш рет қай жерде кездеседі және осы қасиетке қатысты бізде қандай сұрақтар туады?

ОСЫДАН шамамен 4 000 жыл бұрын Ыбырайымның немере інісі Лут Ехобаға: “Үлкен мейірімділік жасадың”,— деген (Жаратылыс 19:19). Көбінесе “мейірімділік” деп аударылып жүрген еврей сөзі Киелі кітапта осы жерде бірінші рет кездеседі, сондай-ақ бұл сөз қазақ тіліндегі Киелі кітапта рақымдылық, жақсылық және тағы басқалай аударылады. Жақып, Нағима, Дәуіттер де Ехобаның осы қасиеті жөнінде айтқан (Жаратылыс 32:10; Рут 1:8; 2 Патшалықтар 2:6). “Мейірімділік” деген сөз Еврей Жазбаларының түпнұсқасында шамамен 250 рет кездеседі. Алайда Ехобаның мейірімділігі деген не? Бұрынғы уақытта ол кімдерге мейірімділік танытқан? Сондай-ақ бүгінде біз үшін оның қандай пайдасы бар?

2. Неге қарастырылып жатқан еврей сөзінің тура баламасын табу қиын және ол қалай аударылып жүр?

2 Көптеген тілдерде Киелі кітапта “мейірімділік” деп аударылып жүрген еврей сөзінің толық мағынасына сай келетін баламасын табу мүмкін емес. Мысалы, “сүйіспеншілік”, “рақым”, “адалдық” деп аударылып жүрген сөздер оның мағынасының ауқымын түгел қамти алмайды. “Киелі Жазбалардың Жаңа Дүние Аудармасында” (түсініктемелерімен) аталмыш еврей сөзі “айнымас сүйіспеншілік” деп те аударылады (Мысырдан шығу 15:13; Забур 5:7, сілтемесінде).

Мейірімділіктің сүйіспеншілік пен адалдықтан айырмашылығы

3. Мейірімділіктің сүйіспеншіліктен қандай айырмашылығы бар?

3 Мейірімділік — адалдық және сүйіспеншілік сияқты қасиеттермен тығыз байланысты. Бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық бар. Мейірімділік пен сүйіспеншіліктің арасындағы айырмашылықты қарастырып көрейік. Сүйіспеншілікті қандай да бір нәрселерге, сондай-ақ дерексіз түсініктерге де танытуға болады. Киелі кітапта “Осы дүниені сүйгендер” және “даналықты сүю” туралы айтылған (1 Жохан 2:15; Нақыл сөздер 29:3). Ал мейірімділік немесе рақымдылық қандай да бір дерексіз түсінікке не затқа емес, тек адамдарға ғана танытылады. Мысалы, Мысырдан шығу 20:6-да былай делінген: “Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін”.

4. Мейірімділік деген еврей сөзінің мағынасының адалдық деген сөзден қандай айырмашылығы бар?

4 Сонымен қатар “мейірімділік” деп аударылып жүрген еврей сөзінің толық мағынасын “адалдық” деген сөзбен де бере алмайсың. Кейбір тілдерде “адалдық” жиі жоғары дәрежедегі адамға қол астындағы адамның танытатын қасиеті ретінде қарастырылады. Алайда бір зерттеушінің ескеруінше, мейірімділік деген сөз Киелі кітапта “жиі қарама-қайшы ойға нұсқайды: билігі бар [тұлға] өзінен төмен тұрғанға, әлсіз немесе көмекке мұқтаж [тұлғаға], адалдық танытады”. Сол себепті Дәуіт патша Ехобаға: “Пендеңе жылы шыраймен қарап, бет-жүзіңнің нұрын төге гөр; мейірімділігіңмен мені құтқара гөр”,— деп жалбарынған (Забур 30:17). Мұнда көмекке мұқтаж Дәуіт Билік иесі Ехобадан мейірімділік, немесе адалдық, көрсетуін сұраған. Әлсіз әлдіге билігін жүргізе алмайтындықтан, мұндай жағдайда мейірімділік ықтиярсыз емес, өз еркімен көрсетіледі.

5. а) Құдай Сөзінде Ехобаның мейірімділігінің қандай қырлары көрінеді? ә) Біз Ехобаның мейірімділігінің қандай ерекшеліктерін қарастырамыз?

5 Забур жыршысы: “Кім дана болса,... сол Тәңірдің мейірімділігін ұғынады”,— деп жырлаған (Забур 106:43). Ехобаның мейірімділігінің арқасында құтқарылуға және аман қалуға болады (Забур 6:5; 118:88, 159). Ол — біз үшін қорғаныш, әрі қиын жағдайларда бізді құтқарады (Забур 30:17, 22; 39:12; 142:12). Құдайдың осы қасиетінің арқасында күнәдан арылуға болады (Забур 24:7). Жазбалардағы кейбір оқиғаларды қарастырып, сондай-ақ қосымша үзінділерге көңіл бөле отырып, біз Ехобаның мейірімділігін 1) нақты әрекеттермен көрсеткенін және 2) өзінің адал қызметшілеріне қатысты танытатынын көреміз.

Құтқарылу — мейірімділіктің танытылуы

6, 7. а) Луттың жағдайында Ехоба қалай мейірімділік танытқан? ә) Қашан Лут Ехобаның мейірімділігі жөнінде айтқан?

6 Ехобаның мейірімділігінің қаншалықты ауқымды екендігін түсінудің ең тиімді жолы, сірә, осы қасиет танытылғанын көрсететін Киелі кітаптағы оқиғаларды қарастыру болса керек. Жаратылыс 14:1—16-дан біз Ыбырайымның немере інісі Лутты жау әскері алып кеткені туралы оқимыз. Бірақ Лутты Ыбырайым құтқарып алады. Ехоба Лут тұрып жатқан азғындыққа салынған Содом қаласын жоюды шешкенде, оның өміріне тағы да қауіп төнеді (Жаратылыс 18:20—22; 19:12, 13).

7 Содом қаласы жойылар алдында Ехобаның періштелері Лут пен оның отбасын қаладан алып шығады. Міне, сол кезде Лут: “Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың”,— дейді (Жаратылыс 19:16, 19). Осы сөздерімен Лут Ехобаның аман алып қалуымен өзіне ерекше мейірімділік танытқанын мойындаған. Осы жолы Ехобаның мейірімділігі құтқару мен аман сақтап қалудан көрініп отыр (2 Петір 2:7).

Ехобаның мейірімділігі мен жетекшілігі

8, 9. а) Ыбырайым қызметшісіне қандай тапсырма берді? ә) Неге қызметші Құдайдан рақымын түсіруін сұрап дұға еткен және ол дұғасын аяқтағанда не болды?

8 Жаратылыс кітабының 24-тарауынан Ехобаның мейірімділігі, немесе айнымас сүйіспеншілігі, танытылған өзге бір жағдай жөнінде оқимыз. Мұнда Ыбырайымның қызметшісіне өзінің туған-туыстары тұратын елге барып, ұлы Ысқаққа қалыңдық қарастыруды тапсырғаны жөнінде әңгімеленеді (2—4 тармақтар). Бұл ауыр тапсырма еді, сөйтсе де Ыбырайым қызметшісін Ехобаның періштесі өзіне жетекшілік ететініне сендіреді (-тармақ). Сонымен, ақыр аяғында, қызметші тура әйелдер су алуға келетін мезгілде “Нахор қаласына” (Харанға немесе соған жақын жерге) келіп тоқтайды (10, 11-тармақтар). Жақындап келе жатқан әйелдерді көргенде, сапарының ең жауапты кезеңі келгенін түсінеді. Бірақ қалай ол қалыңдық болуға лайықты қызды дұрыс таңдап алмақ?

9 Құдайдың көмегіне мұқтаж екенін түсінген қызметші: “Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай! Бүгін жолымды оңғарып, қожайыныма рақымыңды түсіре гөр!” — деп дұға етеді (12-тармақ). Ехоба рақымын немесе мейірімділігін қалай түсірер екен? Қызметші Құдай таңдаған қызды айнытпай тану үшін ерекше белгі арқылы көрсетуін сұрайды (13, 14-тарау). Бір бойжеткен қызметшінің Ехобадан сұраған нәрселерінің бәрін істейді. Тура оның дұғасын естіп қойғандай әрекет етеді! (15—20 тармақтар). Қайран қалған қызметші ‘үн-түнсіз қарап тұрып’ қалады. Бірақ оның әлі кейбір маңызды нәрселерді біліп алуы керек еді. Алдында тұрған сүйкімді бойжеткен Ыбырайымның туысы ма? Басы бос па? Сондықтан қызметші “үн-түнсіз қарап тұрып, Жаратқан Ие сапарымды оңғарды ма, жоқ па деген ойды саралады” (16, 21 тармақтар).

10. Не себепті Ыбырайымның қызметшісі қожайынына Ехоба рақымын түсірді деген шешімге келді?

10 Іле-шала бойжеткен өзінің ‘[Ыбырайымның бауыры] Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызы’ екенін айтты (Жаратылыс 11:26; 24:24). Сол кезде қызметші Ехобаның өзінің дұғасына жауап бергенін түсінді. Көңілі ризашылыққа толы ол, иіліп: “Қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай дәріптелсін, Өзінің мейірімділігімен, адалдығымен қожайынымды жарылқаған Жаратқан Ие мадақталсын! Ол мені тура қожайынымның туысқандарының үйіне алып келді”,— деді (27-тармақ). Ехоба жетекшілік етуі арқылы қызметшінің қожайыны Ыбырайымға мейірімділік немесе рақымдылық көрсетті.

Құдайдың мейірімділігі қиыншылықтарда көмектеседі және қорғайды

11, 12. а) Қандай қиыншылықтардың кезінде Жүсіп Ехобаның мейірімділігін сезінді? ә) Жүсіптің жағдайында Құдай қалай мейірімділік танытқан?

11 Енді Жаратылыс кітабының 39-тарауын қарастырайық. Онда Мысырға құлдыққа сатылып кеткен Ыбырайымның шөбересі Жүсіп жөнінде әңгімеленеді. Бірақ Жүсіпке ‘Жаратқан Ие жар болып’ жүреді (1, 2-тармақтар). Тіпті оның мысырлық қожайыны Потифар да ‘Жаратқан Ие Жүсіпке жар’ деген шешімге келеді (3-тармақ). Алайда Жүсіп ауыр сынаққа тап болады. Оны Потифардың әйелін зорламақшы болды деген жалған айып тағып, түрмеге жабады (7—20-тармақтар). ‘Түрмеде’ оның ‘аяғын бұғаулап қысып тастап, жанын темір торға салады’ (Жаратылыс 40:15; Забур 104:18).

12 Жүсіп үшін осындай қиын кезеңде оқиғаның барысы қандай болды екен? ‘Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оған шапағатын төкті’ (21а тармағы). Ехобаның шапағатын, немесе мейірімділігін, төккенінің арқасында Жүсіпке қиын шақтарда көмектескен бірқатар оқиғалар болды. Ехоба Жүсіпті “түрме бастығының мейіріміне кезіктірді” (21ә тармақ). Осының нәтижесінде түрме бастығы Жүсіпке жауапты жұмыс тапсырады (22-тармақ). Бұдан кейін Жүсіп кейінірек өзі туралы Мысыр патшасы перғауынға айтатын кісімен танысты (Жаратылыс 40:1—4, 9—15; 41:9—14). Перғауын Жүсіпті Мысырдағы екінші әмірші етіп қойды да, Мысыр жерін аштық жайлағанда, мысырлықтарды ашығып өлуден құтқарды (Жаратылыс 41:37—55). Жүсіптің 17 жасында басталған қиын өмірі он екі жылдан астам уақытқа созылды. (Жаратылыс 37:2, 4; 41:46). Бірақ сол қиын-қыстау кезеңнің барлығында Ехоба Құдай оған мейірімін түсіріп, Өз еркін орындауда ерекше орын алуына мүмкіндік беру үшін аман алып қалды.

Құдайдың мейірімділігі ешқашан сарқылмайды

13. а) Забур 135-тен Ехобаның мейірімділігінің қандай жақтары көрінеді? ә) Мейірімділік деген не?

13 Ехоба жалпы Исраил халқына талай рет мейірімділік танытқан. 135-ші Забур жырында Құдайдың исраилдіктерге мейірімін төгіп, құлдықтан босатқаны (10—15 тармақтар), жетекшілік еткені (16-тармақ) және қорғағаны (17—20 тармақтар) туралы әңгімеленеді. Құдай жеке адамдарға да мейірімділік танытқан. Әлдекім өзі мейірімді болса, өзгелер зәру болып отырған нәрсені ықыласпен істейді. Осы қасиет жөнінде Киелі кітапқа берілген бір түсіндірме сөздікте былай делінген: “Бұл — өмірді қолдап, қорғайтын әрекет. Бұл — бақытсыздыққа ұшырап қалған немесе қиналып жүрген [адамды] қорғау”. Бір ғалымның айтуынша, бұл — “іс жүзінде көрсетілетін сүйіспеншілік”.

14, 15. Луттың Құдайдың адал қызметшісі болғанын біз қайдан білеміз?

14 Жаратылыс кітабынан қарастырған мысалдардан Ехобаның өзін сүйетіндерге деген мейірімділігінің сарқылмайтыны көрінеді. Лут, Ыбырайым, Жүсіптер әр түрлі жағдайларда өмір сүрген, әр түрлі қиыншылықтарға кезіккен. Кемелсіз болғандарына қарамастан, Ехобаның адал қызметшілері болған, сондай-ақ, Оның көмегіне мұқтаж болған. Осындай адамдарға сүйіспеншілікке толы көктегі Әкеміздің мейірімділік танытатыны бізді зор қуанышқа бөлейді.

15 Кейде Лут бұрыс шешімдер қабылдап, соның салдарынан қиыншылықтарға тап болатын (Жаратылыс 13:12, 13; 14:11, 12). Сөйтсе де ол біздің еліктеуімізге тұратын қасиеттер де танытқан. Құдайдың екі періштесі Содомға келгенде, Лут қонақжайлылық көрсетеді (Жаратылыс 19:1—3). Сонымен қатар күйеу балаларына барып, Содомның жойылатынын айтып, ескертеді (Жаратылыс 19:14). Құдайдың Лутқа деген көзқарасы жөнінде 2 Петір 2:7—9-дан оқуға болады: ‘Арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналған әділ Лутты Тәңір аман сақтап қалды. Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділетті ар-ұжданы алдында азап шекті. Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді [“шексіз берілгендерді”, ЖД] көріп жатқан қуғын-сүргіннен құтқаруды,.. әрине, біледі’. Иә, Лут әділ, сондай-ақ, осы тармақтардан көрініп тұрғандай Құдайға шын берілген еді. Егер өзгелерден ‘қасиетті жүріс-тұрысымызбен және Құдайға шексіз берілгендігімізбен’ ерекшеленер болсақ, Құдай бізге де мейірімділік танытады (2 Петір 3:11, 12, ЖД).

16. Киелі кітапта Ыбырайым мен Жүсіп жөнінде қандай жағымды сөздер айтылған?

16 Жаратылыс кітабының 24-тарауынан Ыбырайым мен Ехобаның тығыз қарым-қатынаста болғаны айқын көрінеді. Бірінші тармақта ‘Жаратқан Ие оны қай жағдайда да жарылқап келгені’ айтылған. Ыбырайымның қызметшісі Ехобаны “қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай” деп атаған (12, 27-тармақтар). Елші Жақып Ыбырайымның ‘әділ деп жарияланып’, “Құдайдың досы” атанғанын жазды (Жақып 2:21, ЖД; 22, 23). Жүсіп жөнінде де тап солай деуге болады. Ехоба мен Жүсіптің тығыз қарым-қатынаста болғанын 39-тараудан көруге болады (2, 3, 21, 23-тармақтар). Шәкірт Степан да Жүсіпке ‘Құдайдың жар болғаны’ туралы айтқан (Елшілердің істері 7:9).

17. Лут, Ыбырайым, Жүсіптердің үлгісінен қандай сабақ алуға болады?

17 Өзіміз жаңа ғана әңгіме еткен, Ехобаның мейірімділігіне ие болған адамдар онымен тығыз қарым-қатынаста болған және Оның еркінің орындалуында қандай да бір орын алған. Олар өз күштерімен жеңе алмайтын қиыншылықтарға кезіккен. Мәселе: Луттың аман қалуына, Ыбырайымның ұрпағының жалғасуына және Ехобаның еркіндегі Жүсіптің өз рөлін орындай алатын-алмайтынына қатысты болған. Құдайға ұнамды болған сол кісілерге тек Ехоба ғана көмектесе алатын, әрі мейірімділікпен оларды қорғап көмектесті де. Ехобаның мейірімділігін мәңгі сезінгіміз келсе, біз де онымен қарым-қатынасымызды нығайтып, әрқашан оның еркін орындауымыз керек (Езра 7:28; Забур 17:51).

Құдайдың қызметшілерінің игілігі үшін

18. Түрлі Жазба орындарынан Ехобаның мейірімділігі жөнінде не білуге болады?

18 ‘Жер [Ехобаның] мейіріміне толы’. Оның осындай қасиетінің бар екендігіне қандай қуаныштымыз десеңші! (Забур 118:64). Біз Забур жыршысының көп рет қайталаған сөздерімен шын жүректен келісеміз: “Тәңірді мейірімділігі мен адам баласына істеген керемет істері үшін дәріптей берсін” (Забур 106:8, 15, 21, 31). Ехобаның, мейлі жаппай болсын, мейлі жеке-жеке болсын, өз қызметшілеріне мейірімділік танытып отырғанына қуаныштымыз. Даниял пайғамбар Ехобаға дұға етіп былай деген: “Өзіңді сүйетіндер мен бұйрықтарыңды орындайтындарға келісімің мен мейіріміңді сақтайтын ұлы да қорқынышты Құдайсың” (Даниял 9:4). Ал Дәуіт: “Өзіңді білетіндерге мейіріміңді түсіре берші”,— деп дұға еткен (Забур 35:11). Ехобаның өзінің қызметшілеріне мейірімділік танытатынына біз дән ризамыз! (3 Патшалықтар 8:23; 1 Шежірелер 17:13).

19. Келесі мақалада біз қандай сұрақтарды талқылаймыз?

19 Құдайдың халқы ретінде біз Ехобаның ықыласына ие болып отырмыз. Құдайдың бүкіл адамзатқа танытқан сүйіспеншілігіне қоса, көктегі Әкеміздің теңдесі жоқ мейірімділігін сезінудеміз (Жохан 3:16). Әсіресе қиын шақтарда Ехобаның осындай керемет қасиеті біз үшін пайдалы (Забур 35:8). Алайда Ехоба Құдайдың мейірімділігіне қалай еліктеуге болады? Әрқайсысымыз осы тамаша қасиетті танытып жүрміз бе? Осы және басқа сұрақтар келесі мақалада талқыланады.

Естеріңде ме?

• “Мейірімділік” деп аударылған еврей сөзі жөнінде біз не білдік?

• Мейірімділіктің сүйіспеншілік пен адалдықтан қандай айырмашылығы бар?

• Қалай Ехоба Лут, Ыбырайым, Жүсіптерге мейірімділік танытқан?

• Ехобаның ертедегі қызметшілеріне мейірімділік танытқаны бізге қандай кепілдік береді?

[9-беттегі сурет]

Құдайдың Лутқа қалай мейірімділік танытқанын білесіңдер ме?

[10-беттегі суреттер]

Ехоба мейірімділікпен Ыбырайымның қызметшісіне жетекшілік еткен

[12-беттегі суреттер]

Жүсіпті қорғап, Ехоба мейірімділік танытқан

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу