8-бөлімнің кіріспесі
Ехоба Сүлейменге зор даналық сыйлады, сондай-ақ ғибадатхана соғу мәртебесін берді. Алайда уақыт өте Сүлеймен Ехобаны тастап кетті. Балаңызға Сүлейменнің Ехобаны тастап кетуіне жалған құдайларға табынатындар ықпал еткенін түсіндіріңіз. Патшалық екіге бөлінді, жаман патшалардың кесірінен халық тура жолдан тайды, пұттарға табынып кетті. Сол уақытта Ехобаның біраз адал пайғамбарлары қуғын-сүргінге, өлімге ұшырады. Езабел патшайымның тұсында солтүстік патшалықта жолдантаюшылық өте кең тарады. Бұл Исраил халқының тарихындағы қара түнек басқан кезең болды. Соған қарамастан Жосафат патша, Ілияс пайғамбар сияқты Ехобаға адал адамдар да жоқ емес-тін.