Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rj 5-бөл., 12—15 бет.
  • “Жаныңның бағушысы әрі қорғаушысына қайта орал”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Жаныңның бағушысы әрі қорғаушысына қайта орал”
  • Ехобаға қайта орал
  • Ұқсас мәлімет
  • “Маған қайта оралыңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Құдай саған күш береді
    Ехобаға қуана ән шырқайық!
  • Құдайдың өзі күш береді
    Ехобаға ән шырқайық
  • Сіз Ехоба үшін аса бағалы жансыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Ехобаға қайта орал
rj 5-бөл., 12—15 бет.

БЕСІНШІ БӨЛІМ

“Жаныңның бағушысы әрі қорғаушысына қайта орал”

Осы кітапшада айтылған қиындықтар мен сипатталған сезімдер саған таныс па? Олай болса, сен жалғыз емессің. Құдайдың көптеген адал қызметшілері, ежелде де, қазір де осындай қиындықтарға кезіккен. Ехоба оларға көмектескендей, саған да көмектесе алады.

Ехобаға қайта оралғаныңда, ол сені құшақ жая қарсы алады

ҚАЙТА ОРАЛҒАНЫҢДА, Ехобаның құшақ жая қарсы алатынына сенімді бол. Ол саған сарыуайымнан арылуыңа, жаралы сезіміңнің сауығуына және ар-ұжданыңды тазартып, жантыныштығын табуыңа көмектеседі. Сонда бауырластармен бірге Ехобаға қызмет етуге деген ықыласың қайта жанданады. Сол кезде елші Петірдің бірінші ғасырдағы кей мәсіхшілерге айтқан сөздері саған да айтылғандай болады: “Сендер адасқан қой секілді едіңдер, ал енді жандарыңның бағушысы әрі қорғаушысына қайта оралдыңдар” (Петірдің 1-хаты 2:25).

Сенің Ехобаға қайта оралғаныңнан артық ештеңе жоқ! Себебі осылай оның жүрегін қуанышқа бөлейсің (Нақыл сөздер 27:11). Өзің білетіндей, Ехобаның сезімі бар, сондықтан әрекеттеріміз оны бейжай қалдырмайды. Әрине, ол бізді өзін жақсы көруге не өзіне қызмет етуге мәжбүрлемейді (Мұсаның 5-жазбасы 30:19, 20). Осыған қатысты бір ғалым: “Адамның жүрегін сыртынан ашу мүмкін емес. Ол тек ішінен ашылады”,— деген. Ехобаға жүрегімізді ашқымыз келсе, оған сүйіспеншілікпен қызмет етеміз. Ал бұндай адалдығымыз ол үшін құнды сый болады, әрі жүрегін қуанышқа толтырады. Біз үшін оған барымызды беріп қызмет етуден асқан бақыт жоқ! Ал Ехоба бұған әбден лайық! (Елшілердің істері 20:35; Аян 4:11).

Уағыздамай жүрген бауырласты қауымдағылар жылы қарсы алуда

Бұған қоса, Ехобаға қайта қызмет ете бастағаныңда, рухани мұқтаждығың қанағаттандырылады (Матай 5:3 сілтеме). Қалай? Бүгінде көп адамды “Өмірдің мәні неде?” деген сұрақ қызықтырады. Олар осы сынды көкейкесті сұрақтарына жауап тапқысы келеді. Себебі Ехоба адам баласын осындай мұқтаждықпен және оған қызмет етуден қанағат табатындай етіп жаратқан. Сондықтан Ехобаға сүйіспеншілікпен қызмет еткеніміз бізді зор қанағатқа бөлейді (Зәбүр 63:1—5).

Біз мынаны білсең екен дейміз: Ехоба сенің қайта оралғаныңды қалайды. Бұған қалай көз жеткізуіңе болады? Ойлап қарашы: осы кітапшаны дайындау барысында, біз талай дұға айттық, ізденістер жүргізіп, көптеген жайттарды ескеруге тырыстық. Сосын бір ақсақал не басқа бауырлас назарыңды осы кітапшаға аударды. Ал сен оны оқыдың, әрі бейжай қалмадың. Осының бәрінен Ехобаның сені ұмытпағаны көрінеді емес пе? Ол сені мейіріммен өзіне жақындатып тартып жатыр (Жохан 6:44).

Адасып жүрген қызметшілерін Ехобаның ешқашан ұмытпайтынын білгеніміз жанымызға жұбаныш береді. Донна деген бауырлас бұны растап, былай деді: “Мен бірте-бірте шындық жолынан ауытқып кеттім. Сөйтсе де Зәбүр 139:23, 24-тегі: — Уа, Құдай, терең үңіліп, жүрегімде не бар екенін көрші. Мені тексеріп, мазалайтын ойларымды білші. Көңілімде қауіпті жолға апаратын ойлар жоқ па, соны көрші, Мені мәңгілік жолымен жетелеші,— деген сөздер жайлы жиі ойланатынмын. Мен осы дүниеге жатпайтынымды білетінмін, шындап келгенде, оған жатқан да емеспін. Сондай-ақ менің орным Ехобаның ұйымында екенін де білетінмін. Уақыт өте келе мынаны түсіне бастадым: Ехоба мені ешқашан тастаған емес, керісінше, мен қайта оралатын жолды табуым керек еді. Сол жолды тапқаныма сондай қуаныштымын!”

“Уақыт өте келе мынаны түсіне бастадым: Ехоба мені ешқашан тастаған емес, керісінше, мен қайта оралатын жолды табуым керек еді”.

Біз шын жүректен дұға етіп, “Ехоба сыйлайтын қуанышқа” сенің де қайта бөленгеніңді тілейміз (Нехемия 8:10). Ехобаға қайта оралғаныңа ешқашан өкінбейсің!

Ехобаға қайта оралуға қатысты сұрақтар

НЕДЕН БАСТАУЫМ КЕРЕК?

Уағыздамай жүрген бауырлас Киелі кітап оқуда

Науқастан тұрған адам үйреншікті өмір ағымына жаймен бейімделеді. Сол сияқты сен де мәсіхші ретінде нығаюың үшін, аз-аздан болсын, күнделікті рухани ас-су ішуің керек. Барлығын бір дегенде істеуім керек деп ойлама. Бәлкім, Киелі кітапты не басылымдарымызды оқуға немесе jw.org сайтын шолуға я болмаса jw.org сайтындағы бродкастинг бағдарламасын көруге бірер минут бөлерсің. Мүмкін болса, қауымға баруды кешеуілдетпеуге тырыс. Ал, ең бастысы, дұға етіп, Ехобаның көмегіне жүгін. “Бар уайымыңды соған арт, себебі ол қамыңды ойлайды” (Петірдің 1-хаты 5:7).

Рухани істермен айналысуды доғарғаннан кейін, мен тіпті дұға айтуға ұялдым. Ал бар батылдығымды жинап, дұға еткенімде, маған жергілікті қауымның ақсақалы келді. Ол Ехобаның менен үміт үзбегенін түсінуіме көмектесті. Сосын Киелі кітапты күнделікті оқуға кеңес берді. Солай ете бастағанымда, бойыма қауымға баруға да күш бітті. Ал уақыт өте келе қайтадан қызметке шығатын болдым. Ехобаның менен үміт үзбегеніне сондай қуаныштымын! (Ева).

ҚАУЫМДАҒЫЛАР ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙДЫ?

Қауымның жылы қабылдайтынына күмәнданбасаң да болады. Олар сені сынамайды да, айыптамайды да. Қайта, сүйіспеншілік танытып, қолдарынан келгенше, жігерлендіреді (Еврейлерге 10:24, 25).

Мен Патшалық сарайына баруға қатты ұялдым. Достарым қалай қабылдар екен деп уайымдадым. Бірақ 30 жыл бұрын менімен осы қауымда болған егде бауырластардың бірі: “Балам, үйіңе қош келдің!”— дегенде, жүрегім елжіреп кетті. Расында да, бұл менің үйім еді (Хавьер).

Мен Патшалық сарайына барып, ешкім байқамас үшін соңғы қатарға отырдым. Бірақ бала кезімнен білетіндердің көбісі мені танып қойды. Олар амандасып, ыстық құшақтарына алғанда, көңілімде ерекше тыныштық орнады. Мен үйіме оралғандай сезімде болдым (Марко).

АҚСАҚАЛДАР ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Олар саған мейірімділік танытады. “Алғашқы сүйіспеншілігіңді” қайта жандандыруға ықылас білдіргенің үшін мақтайды (Аян 2:4). Жасап қойған қателіктеріңді түзетуге көмектеседі, әрі мұны жұмсақтықпен істейді (Ғалаттықтарға 6:1; Нақыл сөздер 28:13). Сенімен “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымымен не “Ехобаға жақында” кітабымен зерттеу жүргізілу үшін қам жасайды. Олардың жаныңа жұбаныш сыйлап, әр қадам жасағаныңда, қолдайтынына күмәнің болмасын (Ишая 32:1, 2).

Мен уағыздамай жүрген сегіз жылдың ішінде ақсақалдар үнемі хал-жағдайымды біліп тұрды. Бір күні бір ақсақал маған бірге түскен суреттерімізді көрсетті. Сонда көптеген керемет сәттер есіме түсіп, Ехобаға қызмет етіп жүргендегі қуанышты кездерді сағындым. Ақсақалдар мейірімділікпен маған рухани күйімді қалпына келтіруіме көмектесті (Виктор).

Құдай саған күш береді

Қауымда екі бауырлас бір ән кітабынан өлең айтуда

“Ехобаға қуана ән шырқайық!” атты ән кітабымызда жұбаныш пен жігер беріп, рухани істерге қайта атсалысуыңа көмектесетін әндер бар. Солардың бірі 38-әннің сөздеріне көңіл бөлші. “Құдай саған күш береді” деп аталатын бұл ән Петірдің 1-хаты 5:10-тармаққа негізделген.

  1. Қара түнек басқан осы сұм заманнан

    Сені жарығына әкелгенде,

    Көрген еді Құдай жүргеніңді аңсап

    Шындық, әділдікті жүрегіңде.

    Арнадың ғой оған өміріңді,

    Қамқоршың болады сенің енді.

  2. Күмәнданба, Құдай ойлайды қамыңды,

    Ұлын берді емес пе сен үшін?!

    Қиған болса Ұлын, жалғызын аяулы,

    Қалай дарытпайды енді күшін?!

    Ерен еңбегіңді ұмытпайды,

    Өз меншігін сөзсіз қамқорлайды.

    Қайырмасы:

    Еншіледі Ехоба зор құн төлеп сені,

    Демек, тастамайды, күш беріп үнемі.

    Қамқор боп жетелейді жолымен әр күні,

    Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі.

Ехобаға ән шырқайық

Құдайды мадақтауға арналған басқа да әндерді табу үшін jw.org/kk сайтына кір.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу