Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 2-саб. 1—5 сұр.
  • Шынайы Құдай кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шынайы Құдай кім?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шынайы Құдай кім?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай туралы шындық
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдай туралы шындық қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Неліктен Құдайдың есімін қолдануымыз қажет?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 2-саб. 1—5 сұр.

2-САБАҚ

Шынайы Құдай кім?

1. Құдай неге біздің ғибадатымызға лайық?

Шынайы Құдай — бүкіл тіршіліктің Жаратушысы. Оның бастауы да, соңы да жоқ, ол әрдайым бар болған (Зәбүр 90:2). Ол қуанышты хабарды өзінің Сөзі Киелі кітапқа жаздырған (Тімөтеге 1-хат 1:11). Құдай бізге өмір бергендіктен, біз тек оған ғана ғибадат етуіміз керек. (Аян 4:11 оқыңыз).

2. Құдай қандай?

Ешбір адам баласы Құдайды көрген емес, өйткені ол — рухани Тұлға. Демек, ол — ет пен сүйектен тұратын жаратылыстардан әлдеқайда жоғары тіршілік иесі (Жохан 1:18; 4:24). Десе де Құдайдың қандай тұлға екенін жаратылыстарынан көруге болады. Мысалы, түрлі жеміс-жидектер мен әсем гүлдер оның сүйіспеншілігі мен даналығын паш етеді. Ал ұлан-ғайыр ғалам оның күшін көрсетеді. (Римдіктерге 1:20 оқыңыз).

Киелі кітапты оқи отырып, Құдайдың болмысы жайлы бұдан да көбірек білуге болады. Мысалы, Құдайға ненің ұнамды, ал ненің ұнамсыз екенін, оның адамдарға қалай қарайтынын және түрлі жағдайда қалай әрекет ететінін біле аламыз. (Зәбүр 103:7—10 оқыңыз).

3. Алла Тағаланың есімі бар ма?

Құдайдың есімі, Ехоба, әртүрлі тілдерде

Өзінің Сөзінде Құдай былай дейді: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім” (Ишая 42:8). Адамдар Құдайға қатысты көптеген атауларды қолданады, алайда оның бір ғана есімі бар. Оның есімі түрлі тілдерде әртүрлі айтылады. Құдайдың есімі қазақ тілінде “Ехоба” деп дыбысталады. Ал кейбір адамдар оны “Яхве” деп дыбыстайды. (Зәбүр 83:18 оқыңыз).

Құдайдың есімі Киелі кітаптың көптеген аудармаларынан алынып тасталынып, орнына “Құдай” немесе “Тәңір” деген атаулар қойылған. Бірақ Киелі кітаптың түпнұсқасында Құдайдың есімі шамамен 7000 рет кездеседі. Иса пайғамбар адамдарға Құдай жөнінде үйреткенде Құдайдың есімі кім екенін де айтқан. (Жохан 17:26 оқыңыз).

“Алла Тағаланың есімі бар ма?” деген бейнероликті көріңіз.

4. Құдай біздің қамымызды ойлай ма?

Ата-анасы науқас баласына қамқорлық етуде

Осы қамқор әке сияқты, Құдай да біздің болашағымыз жарқын болу үшін қам жасауда

Жер бетінде қайғы-қасіреттің көбеюі Құдай біздің қамымызды ойламайды дегенді білдіре ме? Кейбір адамдар Құдай қайғы-қасіретті бізді сынау үшін жібереді деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. (Жақып 1:13 оқыңыз).

Құдай адамға таңдау еркіндігін беріп, оны құрметке бөлеген. Біздің оған қызмет етуді таңдай алатынымыз қандай жақсы (Ешуа 24:15). Алайда көп адам өзгелерге жамандық жасауды таңдады, сондықтан жер бетін қайғы-қасірет жайлап кетті. Бұл Ехоба Құдайдың жүрегін ауыртады. (Мұсаның 1-жазбасы 6:5, 6 оқыңыз).

Ехоба Құдай адамдардың қамын ойлайды. Ол біздің бақытты болғанымызды қалайды. Жуырда ол қайғы-қасірет атаулыны және зұлым адамдарды жоймақ. Ал сол уақыт келгенше, Құдай қиындықтарға уақытша жол беруді шешті. Мұның келелі себептерін 8-тарауда қарастыратын боламыз. (Петірдің 2-хаты 2:9; 3:7, 13 оқыңыз).

5. Құдайға қалай жақындай түсуге болады?

Әйел Құдайға дұға етіп жатыр

Ехоба Құдай бізді өзіне дұға ету арқылы жақындауға шақырады. Ол әрбір адамның қамын ойлайды (Зәбүр 65:2; 145:18). Сондай-ақ ол бізді кешіруге дайын. Тіпті кейде қателессек те, оған ұнамды болуға тырысқанымызды ол бағалайды. Демек, күнәкар болғанымызға қарамастан, біз Құдайға жақындай аламыз. (Зәбүр 103:12—14; Жақып 4:8 оқыңыз).

Ехоба Құдай бізге өмір бергендіктен, оны бәрінен де қатты жақсы көруіміз керек (Марқа 12:30). Құдайға деген сүйіспеншілігіңізді ол жайлы көбірек білім алып, талаптарына сай өмір сүру арқылы көрсете аласыз. Осылай етсеңіз, оған жақындай түсесіз. (Тімөтеге 1-хат 2:4; Жоханның 1-хаты 5:3 оқыңыз).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу