67-ән
Әр күн сайын дұға ет
1. Күн сайын Ехобаға дұға ет,
Бұл — біз үшін мәртебе керемет.
Жан досыңдай айт оған сырыңды,
Ол ақтайды әр кез сеніміңді.
Әр күн сайын дұға ет.
2. Күн сайын Ехобаға дұға ет,
Жүрегіңді ризашылық кернеп.
Кешірімін сұрап, айт мініңді,
Пенде екеніңді ол біледі.
Әр күн сайын дұға ет.
3. Күн сайын Ехобаға дұға ет,
Қамыққанға болады ол медет.
Еш қорықпай, сенім арт әрдайым,
Оны ізде басқанда мұң-уайым.
Әр күн сайын дұға ет.
(Мат. 6:9—13; 26:41; Лұқа 18:1 қараңыз.)