48-ән
Күнде Ехобамен бірге жүрейік
(Миха 6:8)
1. Қол ұстасып Әкемізбен,
Жүреміз біз күніге бірге.
Шапағатын мейірлене
Төгеді жолын іздегенге!
Бізді жетелеп жүрудің
Құдай қамын жасаған.
Бағыштал оған ендеше
Шындығын іздеп сусаған.
2. Сот күні де келіп қалды,
Зұлым заман ақыры таяп.
Үдетіп жау қарсылығын,
Қорқытпаққа бізді жүр саяп.
Ехоба — біз үшін қорған,
Оған жақын жүреміз.
Мәңгі қызмет етеміз деп,
Адалдық сақтап келеміз.
3. Біз үшін зор көмек болар
Сөзі менен рухы киелі.
Кездесулер де дем берер,
Дұға айту керек үнемі.
Ехобамен бірге жүрсек,
Тура жолмен жетелер.
Мейірбан, момын болуды
Өз үлгісімен үйретер.
(Мұс. 1-ж. 5:24; 6:9; Пат. 1-ж. 2:3, 4 қараңыз.)