Олар неге сенеді?
ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ көк пен жерді жаратқан Құдіреті шексіз Құдай Ехобаға сенеді. Әлем бүге-шігесіне дейін ойластырылып жасалған жаратылыстарға толы. Бұл ақыл-парасаттың қайнары әрі құдіретті Жаратушының бар екеніне нұсқайды. Әдетте адамның қолынан шыққан ісінен оның қасиеттері көрініп тұрады. Ехоба Құдай жөнінде де солай деуге болады. Киелі кітапта ‘Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері дүние жаратылғаннан бері айқын’ әрі ‘бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болатыны’ айтылған. Сондай-ақ онда “Құдайдың салтанатты ұлылығын” тілсіз ‘аспан әлемі ашық паш ететіні’ де айтылған (Римдіктерге 1:20; Забур 18:2—5).
Адам не жасаса да, мейлі қыш құмыра, телевизор не компьютер болсын, белгілі бір мақсатпен істейді. Жер және ондағы өсімдіктер мен жануарлар өте керемет жаратылған. Триллион жасушадан тұратын адам денесінің құрылымын біз түсініп біле алмаймыз. Ой-сана өзегі болып табылатын бір ғана мидың өзі адам айтқысыз күрделі! Біз кішкентай заттың өзін белгілі бір мақсатпен жасайтын болсақ, Ехоба Құдайдың таңғажайып жаратылыстарына қатысты белгілі бір ниеті болғаны сөзсіз. Нақыл сөздер 16:4-тегі: “Тәңір Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар”,— деген сөздер осының дәлелі.
Алғашқы адам жұбына берген тапсырмасынан көрініп тұрғандай, Ехобаның жерге қатысты ниеті бар: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! ...Теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!” (Жаратылыс 1:28) Адам ата мен Хауа ана жер бетін әділ ұрпақтарына толтырып, олар Жерге және ондағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық ету керек еді. Бірақ тілазарлықтарының кесірінен алғашқы адам жұбы осындай мүмкіндіктерінен айырылып қалды. Алайда бұл Құдайдың ниетіне әсер еткен жоқ. Мыңдаған жыл өткен соң бір пайғамбар: “Ол жерді ...бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты”,— деп жазған. Жер жойылмастан, ‘мәңгі тозбай’ тұра береді (Ишая 45:18; Екклесиаст 1:4, “Таурат”). Жерге қатысты ниетінің міндетті түрде жүзеге асатынын көрсету үшін Ехоба былай деген: “Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін” (Ишая 46:10).
Сондықтан Ехоба куәгерлері мынаған сенеді: жер мызғымай тұра береді және Ехобаның ниетіне сай, оған ұнамды болғандардың бәрі, тірілер де өлілер де, жұмақ орнаған жер бетінде мәңгі өмір сүреді. Адамдардың бәрі Адам ата мен Хауа анадан кемелсіздікті мұра еткен, сондықтан бәріміз күнәкармыз (Римдіктерге 5:12). Киелі кітапта “күнәның беретіні — (мәңгілік) өлім” екені айтылған. Сондай-ақ онда тірілердің өлетінін білетіні, ал өлілердің ештеңені білмейтіні және күнә жасаған жанның өлетіні жазылған (Римдіктерге 6:23; Екклесиаст 9:5; Езекиел 18:4, 20). Олай болса, қалайша олар жерге қатысты баталардан үлес алмақ? Бұл Иса Мәсіхтің төлем құрбандығының арқасында ғана жүзеге асады. Ол былай деген: “Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. ‘Қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, қабірден шығады’ (Жохан 5:28, 29; 11:25; Матай 20:28).
Бұл қалай орындалады? Мұның мәні Иса жер бетінде болғанда жариялауды бастаған ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарда’ түсіндіріледі (Матай 4:17—23). Бірақ бүгінде Ехоба куәгерлері ізгі хабарды ерекше жолмен жеткізеді.
[13-беттегі таблица]
ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ МЫНАҒАН СЕНЕДІ
Ілім Киелі кітаптан дәлел
Киелі кітап — Құдай Сөзі Тім. 2-х. 3:16, 17;
және шындық Пет. 2-х. 1:20, 21; Жох. 17:17
Киелі кітап дәстүрлерге Мат. 15:3; Қол. 2:8
қарағанда әлдеқайда сенімді
Құдайдың есімі — Ехоба Заб. 83:18, ЖД; Иш. 26:4; 42:8;
Мыс. ш. 3:15, сілтемеде
Иса Мәсіх — Құдайдың Ұлы, Мат. 3:17; Жох. 8:42; 14:28; 20:17;
әрі онымен тең емес Қор. 1-х. 11:3; 15:28
Иса Мәсіх айқышқа емес, Ел. іс. 5:30; 10:39
ағашқа шегеленген
Мәсіхтің бір рет берген Рим. 6:10; Евр. 9:25—28
құрбандығы жеткілікті болды
Мәсіх өлмес рухани тұлға Пет. 1-х. 3:18; Рим. 6:9;
ретінде қайта тірілді Аян 1:17, 18
Мәсіх көзге көрінбесе де, Жох. 14:19; Мат. 24:3;
келіп қойған Қор. 2-х. 5:16; Заб. 109:1, 2
Біз соңғы күндері Мат. 24:3—14; Тім. 2-х. 3:1—5;
өмір сүріп жатырмыз Лұқ. 17:26—30
Құдай Патшалығының Иш. 9:6, 7; 11:1—5;
билеушісі Мәсіх жерде әділдік Дан. 7:13, 14; Мат. 6:10
пен тыныштық орнатады
Құдай Патшалығы орнағанда, Заб. 71:1—4;
өмір жағдайы керемет болады Аян 7:9, 10, 13—17; 21:3, 4
Жер ешқашан елсіз Екк. 1:4; Иш. 45:18;
бос тұрмайды да, Заб. 77:69
жойылмайды да
Құдай қазіргі дүниені Аян 16:14, 16; Соф. 3:8;
Һар-Магедон шайқасында Дан. 2:44; Иш. 34:2; 55:10, 11
жояды
Зұлымдар мәңгілікке Мат. 25:41—46;
жойылады Сал. 2-х. 1:6—9
Құдайға ұнамды адамдар Жох. 3:16; 10:27, 28; 17:3;
мәңгілік өмірге ие болады Мар. 10:29, 30
Өмірге апаратын Мат. 7:13, 14
жол біреу-ақ
Адам атаның күнәсінің кесірінен Рим. 5:12; 6:23
барлық адамөлетін болды
Адам өлгенде, жаны Езек. 18:4; Екк. 9:10;
тіршілік етуді доғарады Заб. 6:5; 145:4; Жох. 11:11—14
Өлгендер тозаққа түспейді, Қор. 1-х. 15:20—22;
молада болады, әрі олар Жох. 5:28, 29; 11:25, 26
үшін қайта тірілуге үміт бар
Адам атадан мұра еткен өлім Қор. 1-х. 15:26, 54;
Кішкентай қораны құрайтын Лұқ. 12:32; Аян 14:1, 3;
144000 адам ғана көкке барады Қор. 1-х. 15:40—53; Аян 5:9, 10
және Мәсіхпен бірге билік етеді
144000 адам Құдайдың рухани Пет. 1-х. 1:23; Жох. 3:3;
ұлдары ретінде қайта туылған Аян 7:3, 4
Рухани Исраилмен Ер. 31:31; Евр. 8:10—13
жаңа келісім жасалды
Мәсіхшілер қауымының Ефес. 2:20; Иш. 28:16;
іргетасы Мәсіхтің өзі Мат. 21:42
Дұғалар Мәсіх арқылы Жох. 14:6, 13, 14; Тім. 1-х. 2:5
тек Ехобаға айтылу керек
Ғибадатта мүсіндер Мыс. ш. 20:4, 5; Леуі. 26:1;
қолданылмау керек Қор. 1-х. 10:14; Заб. 113:12—16
Сиқырлықтан аулақ жүру Заң. қ. 18:10—12;
керек Ғал. 5:19—21; Леуі. 19:31
Осы дүниенің көзге Жох. 1-х. 5:19; Қор. 2-х. 4:4;
көрінбейтін әміршісі — Шайтан Жох. 12:31
Мәсіхші әртүрлі діндерді Қор. 2-х. 6:14—17; 11:13—15;
араластырып ұстанбау керек Ғал. 5:9; Заң. қ. 7:1—5
Мәсіхші осы дүниенің Жақ. 4:4; Жох. 1-х. 2:15;
істеріне араласпау керек Жох. 15:19; 17:16
Адамдардың Құдай заңына Мат. 22:20, 21;
қайшы келмейтін заңдарына Пет. 1-х. 2:12; 4:15
мойынұсынады
Тәнге ауыз не тамыр арқылы Жар. 9:3, 4; Леуі. 17:14;
қанның енуі — Құдай заңын Ел. іс. 15:28, 29
бұзғандық
Киелі кітаптағы өнегелілік Қор. 1-х. 6:9, 10; Евр. 13:4;
заңдарға мойынсұну керек Тім. 1-х. 3:2; Нақ. с. 5:1—23
Діни демалыс күнін тек Заң. қ. 5:15; Мыс. ш. 31:13;
исраилдіктер ұстану керек Рим. 10:4; Ғал. 4:9, 10;
болған, әрі Мұса заңымен Қол. 2:16, 17
бірге оның да күші жойылды
Адам өзінен-өзі пайда болған Иш. 45:12; Жар. 1:27;
жоқ, оны Құдай жаратқан Мат. 19:4
Мәсіх Құдайға қызмет етуге Пет. 1-х. 2:21; Евр. 10:7;
қатысты үлгі қалдырған Жох. 4:34; 6:38
Суға толық батырылу арқылы Мар. 1:9, 10; Жох. 3:23;
шомылдыру рәсімінінен өту — Ел. іс. 19:4, 5
Құдайға бағышталудың белгісі
[12-беттегі сурет]
Ехоба жаратқан... адамдар қамқорлайтын... әрі мәңгі мекендейтін ЖЕР