Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g18 № 2 13-б.
  • 10 Сенімді бол

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 10 Сенімді бол
  • Ояныңдар! 2018
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
  • НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ?
  • Ата-анамның сеніміне ие болу үшін не істесем болады?
    Жастардың сауалдары
  • Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бауырластарымызға сенім артайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Барлық кезде шыншыл болыңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2018
g18 № 2 13-б.
Жас қыз банкте төлем жасап тұр

Ата-ананы тыңдау банктен алған несиені өтеу сияқты: неғұрлым уақтылы төлесең, соғұрлым сенімге кіресің

ЖАСТАР ҮШІН

10 Сенімді бол

НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Сенімді адам деп ата-анасының, достарының, жұмыс берушілерінің сеніміне кірген жандарды айтады. Мұндай адамдар талап-ережелерді орындайды, берген уәделерінде тұрады және әрдайым шындықты айтады.

НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Әдетте саған қаншалықты еркіндік берілетіні қаншалықты сенімге ие болғаныңа байланысты.

“Ата-анаңның сеніміне кірудің ең жақсы жолы — олардың қасында ғана емес, олар жоқ кезде де өзіңнің жетілген әрі жауапты адам екеніңді көрсету” (Сара).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Ол мұнысын жақсы жүріс-тұрысымен және... істерімен көрсетсін” (Жақып 3:13).

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ?

Біреудің сеніміне ие болғың келсе я жоғалтқан сенімді қайтарғың келсе, келесі кеңестер сен үшін пайдалы болады:

Шыншыл бол. Өтірік айту адамның саған деген сенімінен тез айырады. Ал шыншыл болып, қателік жасағанда оны мойындай білсең, өзгелердің сенімін жаулап аласың.

“Бәрі жақсы кезде шыншыл болу оңай. Алайда сені жаманатты етіп көрсететін жағдайда да шыншыл болсаң, адамдардың саған деген сенімі өсе түседі” (Самат).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Барлық жағдайда адал жүріп-тұрғымыз келеді” (Еврейлерге 13:18).

Сенімді адам бол. АҚШ-та жүргізілген бір сауалнамаға сүйенсек, кадрлар бөлімдерінің 78 пайызы сенімді адамдарды іздейді, әрі бұл жұмысқа тұру үшін маңызды талаптардың бірі болып саналады. Қазірден бастап сенімді адам болуды үйренсең, есейгенде мұның зор пайдасын көресің.

“Үй шаруасын қайта-қайта айтқызбай-ақ істеп жүргенімді ата-анам бірден байқайды. Бұл іске неғұрлым жауапкершілікпен қарасам, олар да маған соғұрлым сенім артады” (Сәния).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Сөзіме құлақ асатыныңа сеніп, тіпті менің айтқанымнан да көп нәрсе істейтініңді білемін” (Філімонға 21).

Шыдамды бол. Сенің тәндік жағынан өсіп-жетілгенің жұртқа бірден көрінетін шығар. Алайда ақылың кіріп, жауапты адам болып келе жатқаныңды көру үшін уақыт керек. Сондықтан шыдамды бол.

“Бір іспен ғана ата-анаңның я басқалардың сеніміне кіре алмайсың. Ал өзіңнің жауапты адам екеніңді үнемі дәлелдеп отырсаң, олар саған сенім арта бастайды” (Дамир).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Шыдамдылық сияқты қасиеттерге бөленіңдер” (Қолостықтарға 3:12).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу