Андрий Клюка 2025 жылдың наурызынан бері Украинада түрмеде отыр, сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды
Түрлі жерде сенімі үшін түрмеде отырған Ехоба куәгерлері жайлы мәлімет
2026 жылдың ақпан айындағы мәліметке сай, 259-дан астам Ехоба куәгері сенімі үшін темір торда отыр.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабына сәйкес, әрбір адамның ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар. Алайда кейбір мемлекеттер осы бапта келтірілген адам құқығын елемей, Ехоба куәгерлерін дінге сенгені үшін және ар-ожданы әскерге баруға жол бермегені үшін әділетсіз түрмеге жабуда.
“Түрмеде отырған бауырластармен өздерің бірге отырғандай, оларды есте ұстаңдар” (Еврейлерге 13:3).