Мазмұны
25—31 ЖЕЛТОҚСАН, 2017
Ән шырқау Ехобаның халқы үшін әрқашан ғибадат етудің маңызды бөлігі болған. Бірақ кейбіреулер өзгелердің көзінше ән айтуға ыңғайсызданады. Ехобаны мадақтау әндерін сенімділікпен айтуды қалай үйрене аламыз? Бұл мақалада қуана ән шырқаудың келелі себептері келтіріледі, сондай-ақ ән шырқау қабілетімізді жақсартудың бірнеше жолы қарастырылады.
1—7 ҚАҢТАР, 2018
8—14 ҚАҢТАР, 2018
15 Ехобаның әділдігі мен мейірімділігіне еліктейік
Ежелгі Исраилдегі бассауғалайтын қалаларды қарастыру барысында қандай құнды сабақ аламыз? Бірінші мақалада бүгінде күнә жасаған адамдар Ехобаны қалай паналай алатыны талқыланады. Ал екінші мақалада Ехобаның үлгісі өзгелерді кешіруге, өмірді құрметтеуге және әділ әрекет етуге қалай көмектесетіні жайлы сөз етіледі.
15—21 ҚАҢТАР, 2018
21 Осы дүниелік ой-пікірлерге қарсы тұрыңыз
22—28 ҚАҢТАР, 2018
27 Еш нәрсе бізді сыйымыздан айырып жүрмесін
Бұл екі мақала Пауылдың Қолостағы мәсіхшілерге рухтың жетелеуімен жазған хатына негізделген. Бірінші мақалада ақылға қонымды болып көрінетін осы дүниелік ой-пікірлерді естігенде, не істеуіміз керектігі түсіндіріледі. Екінші мақалада Ехобаның баталарына ие болуға кедергі жасайтын ойларға қалай қарсы тұра алатынымыз сөз етіледі.