Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w17 қаңтар 32-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Ыбырайымның сенімі сыналды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Құдайдың Ыбырайымның сенімін сынауы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехоба оны “досым” деп атаған
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ыбырайым (Ибраһим) пайғамбар кім болған?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
w17 қаңтар 32-б.
Ысқақ отынды, ал Ыбырайым шоқ салынған ыдысты алып бара жатыр

Сіз білгенсіз бе?

Ежелгі заманда жол жүрген адамдар қалай от тұтатқан?

МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫНЫҢ 22-тарауында Құдай Ыбырайымға үйінен алыс жерге барып құрбандық шалуды тапсырғаны айтылған. Онда: “Ыбырайым өртелетін құрбандыққа арналған отынды алып, ұлы Ысқақтың иығына артты. Ал өзі қолына от пен пышақ алып, екеуі жүріп кетті”,— делінген (Мұсаның 1-жазбасы 22:6).

Ежелгі уақытта адамдар отты қалай жаққаны жайлы Киелі кітапта нақты ештеңе айтылмаған. Олай болса, Ыбырайым мен Ысқақ отты жағып, сосын оны өздерімен алып жүрген бе? Бір Киелі кітапты түсіндірушінің айтуынша, адамдар жанған отты “ұзақ сапар кезінде өшірмей алып жүре” алмаған болса керек. Сондықтан Ыбырайым мен баласы отты жағуға қажетті заттардың бәрін өздерімен алып шыққан болар.

Ал өзгелердің ойынша, ол заманда от тұтату оңай болмаған. Сол себептен жұрт мүмкін болса жанып тұрған дайын оттан, мысалы, көршілерінікінен болар, қызған шоқ алып, от жаққан. Көптеген ғалымдар Ыбырайым да ұзақ жолға шықпас бұрын, жанып тұрған оттан біраз ыстық шоқ алып алған деп есептейді. Ол жол жүргенде, шоқты шынжырға ілінген шұңғыл қыш ыдысқа салып алып жүрсе керек (Ишая 30:14). Ал жол-жөнекей от қажет болғанда, ыстық шоқ пен майда құрғақ ағаштарды алып, от тұтатқан болар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу