Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w16 қыркүйек 32-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың тынығатын күні нені білдіреді?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сен Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кірдің бе?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өміріңді шынымен мағыналы етуге ұмтыл
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кіруге барынша тырысыңыз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
w16 қыркүйек 32-б.
Анасы мен қызы жұмақта гүлдерді суаруда

“Құдайдың сөзі тірі”

Оқырман сауалдары

Еврейлерге 4:12-дегі “тірі, әсері де күшті” болып табылатын “Құдайдың сөзі” нені білдіреді?

Тармақтың мәнмәтінінен Пауыл бұл жерде Құдайдың өз ниетіне қатысты айтқан хабары туралы айтып тұрғаны көрінеді, соның ішінде Киелі кітапта айтылғандары да бар.

Біз басылымдарымызда жиі Еврейлерге 4:12-ні Киелі кітаптың адам өмірін өзгерте алатын құдіреті бар екенін көрсету үшін қолданамыз, әрі бұл дұрыс та. Дегенмен осы тармақтағы сөздерді жазғанда, Пауыл не жайлы айтқанын қарастыра кеткеніміз жөн. Ол еврей мәсіхшілерді Құдайдың ниетіне сай әрекет етуге талпындырған болатын. Оның сол ниетінің көптеген қырлары киелі жазбаларда жазылған-ды. Пауыл Мысырдан азат етілген исраилдіктерді мысалға келтірген. Олардың уәде етілген “ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерге”, яғни нағыз тыныға алатын жерге, кіруге мүмкіндіктері болды (Мұсаның 2-жазбасы 3:8; Мұсаның 5-жазбасы 12:9, 10).

Бұл Құдайдың айтқан ниеті еді. Бірақ исраилдіктер жүректерін қасарыстырып, сенім танытпады, сондықтан басым көпшілігі сол тынығатын жерге кірмеді (Мұсаның 4-жазбасы 14:30; Ешуа 14:6—10). Алайда Пауыл “[Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне] кіруге қатысты уәдесі” әлі бар екенін де айтқан (Еврейлерге 3:16—19; 4:1). Бұл уәде Құдайдың ашқан ниетінің бір бөлігі екені анық. Еврей мәсіхшілері сияқты, біз де Құдайдың сол ниеті туралы біліп, соған сай әрекет ете аламыз. Осы уәденің Жазбаларға негізделгенін көрсету үшін Пауыл Мұсаның 1-жазбасы 2:2 мен Зәбүр 95:11-ден үзінді келтірген.

Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кіруге қатысты “уәдесі әлі күшінде” екені бізді бей-жай қалдырмайды. Киелі кітап үйрететіндей, біз Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кіру шынымен мүмкін екеніне сенеміз, әрі соған кіру үшін әрекеттер жасадық та. Бірақ ол жерге Мұса Заңын ұстану, я болмаса Ехобаның ықыласына ие болу үшін қандай да бір игі істер жасау арқылы ғана кіру мүмкін емес. Қайта, Құдайға сенім білдіріп, шын жүректен оның ниетіне сай әрекет еттік, әрі осылай етіп келеміз де. Дүниенің төрт бұрышындағы мыңдаған адамдар да Киелі кітапты зерттеуді бастап, Құдайдың ашқан ниеті жайлы білуде. Бұл олардың көбісін өмір салтын өзгертуге, сенім білдіріп, шомылдыру рәсімінен өтуге талпындырды. Олардың өміріне қалай әсер етіп жатқанынан “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті” екені айқын көрінеді. Құдайдың өз ниеті жайлы Киелі кітапта ашқандары біздің өмірімізге әсер етті, әрі әсер ете береді де.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу