Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 126-б.—127-б., 3-абз.
  • Сараға ұқсас жан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сараға ұқсас жан
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай оны “Ханшайым” деп атады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • “Сен өте сұлу әйелсің”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 126-б.—127-б., 3-абз.

ИНДОНЕЗИЯ

Сараға ұқсас жан

Тити Кутин

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1928

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1957

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Шындықты білуіне қарсылық көрсеткен күйеуіне ізеттілікпен көмектескен бауырлас. Айтып берген ұлы Марио Кутин.

Тити Кутин

АНАМ мейірімді де ашық-жарқын әрі Киелі кітапты оқуды жақсы көретін кісі болатын. Бірде ол Солтүстік Сулавесидегі Манадо қаласында Гертруд Отт есімді миссионермен сөйлесіп, Киелі кітапты зерттеуге қуана-қуана келісті. Содан көп ұзамай шындыққа келді. Алайда банкте лауазымды қызмет атқарып, кейіннен Джакарта қор биржасының төрағасы болған әкем Эрвин оған қатты қарсылық көрсетті.

Бір күні әкем анама: “Не дініңді, не мені таңда!”— деп айқайлады.

Осылай анам екі оттың ортасында қалғандай болды.

Анам ұзақ ойланғаннан кейін: “Маған күйеуім де керек, Ехоба да керек”,— деп жұмсақ жауап берді.

Әкем бұған не дерін білмей үнсіз қалып, ашуы бұлттай сейілді.

Уақыт өте келе әкем жұмсара түсті, өйткені ол анамды қатты сүйетін әрі ақыл-парасаты үшін ерекше бағалайтын.

Бірақ анам оның өзімен бірге Құдайға шынайы ғибадат еткенін қалады. Бұл қалауын Ехобаға ыстық дұғасында білдірген соң, ол әкемнің шет тілдерді үйренуді жақсы көретінін еске түсірді. Сол себепті ағылшын тілінде Киелі кітап тармақтары жазылған парақшаларды үйдің әр жеріне іліп қойып: “Мен ағылшынымды жақсартқым келеді”,— деп айтатын. Сондай-ақ әкем ел алдында сөйлейтін баяндамашыларды тыңдағанды ұнатқандықтан, одан теократиялық қызмет мектебіне дайындаған тапсырмаларын тыңдауды да сұрайтын. Сондай-ақ әкемнің қонақжай екенін ескеріп, оның рұқсатымен аудандық бақылаушыны үйге қабылдайтын. Әкемнен конгрестерге бізбен бірге баруын да сұрайтын, себебі ол отбасын жанындай жақсы көретін отағасы еді.

Осылай анамның шыдаммен әрі тапқырлықпен әрекет еткені ақыры әкемнің жүрегін жібітті. Кейінірек отбасымыз Англияға көшіп барғанда, ол қауым кездесулеріне қатысып, Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің мүшесі болған Джон Баррмен достасып кетті. Сол жылы ол шомылдыру рәсімінен өтіп, анамды қатты қуантты. Кейінгі жылдары да әкем анамды ыстық махаббатына бөлеп отырды.

Анам адалдығымен, ізеттілігімен әрі рухани толысқандығымен айналасындағыларды баурап алатын

Достарымыздың кейбірі анамды бірінші ғасырда қонақжайлылығымен үлгі көрсеткен Лүдияға теңейтін (Ел. іс. 16:14, 15). Бірақ мен оны күйеуі Ыбырайымға шын ықыласпен бағынған Сараға көбірек ұқсатамын (Пет. 1-х. 3:4—6). Ол адал, ізетті әрі рухани толысқан адам болды, әрі осы мінезімен айналасындағы адамдарды баурап алатын. Оның үлгісі әкеме шындыққа келуге көмектесті. Анам шынымен де Сараға ұқсас жан еді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу