СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ
“Біз Ехобаға қызмет етуге бел будық”
Филип Тенби
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1966
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1997
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Бес Патшалық сарайын соғуға көмектескен босқын бауырлас.
1991 жылы бүлікші сарбаздар Сьерра-Леонедегі туған қаламыз Коиндуды басып алғандықтан, әйелім Сатта екеуміз аман қалу үшін сол жерден қашып кеттік. Біз сегіз жыл бойы әртүрлі босқындар лагерінде тұрып жүрдік. Ол жерде азық-түлік тапшылығын көрдік, ауру-сырқаудан жапа шектік. Ал айналамыз азғын өмір кешіп жатқан адамдарға толы болды.
Біз әр лагерьдің басшыларынан Патшалық сарайын соғу үшін жер бөліп беруін сұрап жүрдік. Олар өтінішімізді кейде қабылдаса, кейде қабылдамайтын. Бірақ біз еш нәрсеге қарамастан, кездесу өткізуге болатын орын табатынбыз. Өйткені біз Ехобаға қызмет етуге бел буған едік. Ақырында босқындар лагерьлерінде төрт Патшалық сарайын соқтық.
Соғыс аяқталғанмен, біз үйімізге қайта алмадық. Өйткені жылдар бойы жалғасқан соғыстың салдарынан Коинду қаңырап бос қалған еді. Сондықтан біз Бо қаласының жанындағы басқа бір босқындар лагеріне жіберілдік. Филиалдың қаржылай көмек көрсеткенінің арқасында біз сол жерде бесінші Патшалық сарайын соқтық.