КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ТІРКЕС
Сеніміңіз бар ма?
Ехобаға ұнамды болу үшін біздің сеніміміз болу керек. Бірақ Киелі кітапта: “Жұрттың бәрі бірдей сенуші емес”,— делінген (Сал. 2-х. 3:2). Елші Пауыл бұл сөздерді өзін қудалаған “қауіпті де зұлым адамдарға” қатысты айтқан. Алайда оның сөздері басқа адамдарға да қатысты. Мысалы, кейбіреулер Жаратушы Құдай бар екенінің айқын дәлелдеріне көз жұмады (Рим. 1:20). Ал өзгелері болса әйтеуір бір Құдайға сенеміз деп жатады. Бірақ Ехобаға ұнамды болу үшін бұндай сенім жеткіліксіз.
Біз Ехобаның бар екеніне және ол берік сенімі барларға “сый беретініне” сенімді болуымыз керек (Евр. 11:6). Сенім киелі рухтың жемісіне жатады. Сондықтан сенімге ие болғымыз келсе, Ехобаға дұға етіп, киелі рухын сұрауымыз керек (Лұқа 11:9, 10, 13). Киелі рухқа ие болудың бір жолы — Құдай рухымен жазылған Киелі кітапты оқу. Кейін оқығандарымыз жайлы ой жүгіртіп, білгендерімізді өмірде қолдануымыз керек. Сонда Ехобаның рухы бізге әсер етіп, оған ұнамды сенім дамыта аламыз.