Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w24 сәуір 31-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ұқсас мәлімет
  • Еффейдің адалдығына еліктеңдер
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Өз еркіңді орындауға үйрете гөр”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өміріңде өзгерістер болғанда, Құдайдың рухына арқа сүйе
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба ертедегі қызметшілерінің Құтқарушысы болған
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
w24 сәуір 31-б.

Сіз білгенсіз бе?

Неге Дәуіт патшаның әскерінде жатжерліктер де қызмет еткен?

ДӘУІТТІҢ әскерінде аммондық Селек, хеттік Ұрия, моабтық Иетмах сияқты жатжерліктер болғанa (Шеж. 1-ж. 11:39, 41, 46). Сондай-ақ Дәуіттің әскерінде “кереттіктер, пелеттіктер мен ғаттықтар” қызмет еткен (Сам. 2-ж. 15:18). Кереттіктер мен пелеттіктер філістірлердің жақын туыстары болғанға ұқсайды (Езек. 25:16). Ал ғаттықтар філістірлердің Ғат қаласынан шыққан болуы мүмкін (Ешуа 13:2, 3; Сам. 1-ж. 6:17, 18).

Неге Дәуіт өз әскеріне жатжерліктерді алған? Дәуіт олардың өзіне, ең бастысы, Ехобаға адал екендеріне сенімді болған. Мысалы, кереттіктер мен пелеттіктерге қатысты Киелі кітаптың бір сөздігінде былай делінген: “Дәуіттің билігінің ең қиын шағында олар оған адал болған” (“The New Interpreter’s Dictionary of the Bible”). Олар адалдықтарын қалай көрсетті? Екі жағдайға тоқталайық. Бірінші, “күллі исраилдіктер” Дәуітті тастап, “Шеба деген бір бәлеқұмар кісінің” бүлігіне ергенде, кереттіктер мен пелеттіктер Дәуіттің жағында болып, Шебаның бүлігін тоқтатуға көмектесті (Сам. 2-ж. 20:1, 2, 7). Екінші, Дәуіттің ұлы Адониях тақты тартып алуға тырысқанда кереттіктер мен пелеттіктер Дәуітке адал болып қалып, Ехоба таңдаған Сүлеймен патшаны таққа отырғызды (Пат. 1-ж. 1:24—27, 38, 39).

Дәуітке адал болған тағы бір жатжерлік ғаттық Иттай еді. Дәуіттің ұлы Абессалом “халықтың жүрегін жаулап” әкесін тақтан түсірмек болғанда, Иттай өзінің 600 сарбазымен бірге Дәуітті қолдады. Иттай жатжерлік болғандықтан соғыспаса да болар еді. Дәуіт те оған тура соны айтты. Бірақ бұған Иттай: “Тірі Құдай Ехоба мен патша иемнің алдында шын айтамын, патша ағзам қайда барса, мен де сонда барамын. Қызметшіңіз сізбен бірге өлуге де дайын!”— деп жауап берді (Сам. 2-ж. 15:6, 18—21).

Иттай мен Дәуіт әңгімелесіп тұр

Иттай Ехобаның майланған патшасы Дәуітке адал болды

Кереттіктер, пелеттіктер мен ғаттықтар жатжерліктер болса да, олар Ехобаны шынайы тірі Құдай деп, ал Дәуітті Ехобаның майланған патшасы деп мойындаған. Жанында осындай адал кісілердің болғанына Дәуіттің риза болғаны даусыз!

a Мұсаның 5-жазбасы 23:3—6 тармақтарда жазылған заңға сай, “ешбір аммондық та, моабтық та Ехобаның қауымының мүшесі бола алмайтын”. Бұл дегеніміз олар заңды түрде Исраил елінің азаматы бола алмаған және олардікіндей құқықтары болмаған. Бірақ оларға исраилдіктермен бірге тұруға, олармен араласуға тыйым салынбаған. “Киелі жазбаларды түсіну” еңбегіндегі (ор.) “Аммонитяне”/“Браки с израильтянами” деген тақырыпты қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу