Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w22 желтоқсан 14-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба ертедегі қызметшілерінің Құтқарушысы болған
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Өміріңде өзгерістер болғанда, Құдайдың рухына арқа сүйе
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Өз еркіңді орындауға үйрете гөр”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның есімін бірге дәріптейік
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
w22 желтоқсан 14-б.

Оқырман сауалдары

Дәуіт Зәбүр 61:8-де Құдайдың есімін “мәңгі бақи” мадақтаймын деуімен асыра сілтеп жіберген жоқ па?

Дәуіт патша арфада ойнап, ән айтып отыр.

Жоқ, Дәуіт мұнда шындықты айтты.

Қазір оның сол тармақта және соған ұқсас басқа да тармақтарда айтқан сөздеріне назар аударайық. Ол былай деген: “Ал мен есіміңді әнге қосып, мәңгі бақи мадақтаймын, Берген анттарымды күн сайын орындаймын”; “Уа, Ехоба Құдайым, сені бар жүрегіммен даңқтаймын, Мәңгілік бойы есіміңді мадақтаймын”; “Есіміңді мәңгі бақи мадақтаймын” (Зәб. 61:8; 86:12; 145:1, 2).

Бұл жерде Дәуіт “сол күйі өлмей, мәңгі бақи өмір сүріп кетемін” деп ойламаған. Ол адамдардың күнәнің кесірінен өлетінін жақсы білген және өзінің де күнәкар екендігін мойындаған (Мұс. 1-ж. 3:3, 17—19; Зәб. 51:4, 5). Ол тіпті Ыбырайым, Ысқақ, Жақып сияқты адал кісілердің де өмірден өткенін білетін (Зәб. 37:25; 39:4). Дәуіт өзінің де күндердің күнінде көз жұматынын білген. Бірақ Зәбүр 61:8-дегі сөздері оның Құдайды мәңгі бақи мадақтағысы келетінін және мәңгі мадақтауға бекінгенін көрсетеді, яғни Дәуіт соңғы демі шыққанша солай етпек еді (Сам. 2-ж. 7:12).

Дәуіт кейбір жырларында басынан өткен оқиғаларды жазған. Бұған 18-інші, 51 мен 52-нші Зәбүр жырларының кіріспе сөздері дәлел. Өзі бағушы болғандықтан Дәуіт 23-інші жырында Ехобаны қойларын жетелейтін, жусататын және қорғайтын бағушыға теңейді. Ол осындай қамқор бағушы Ехобаға қызмет етуге “бар ғұмырын” арнағысы келген (Зәб. 23:6).

Есте ұстайтын бір жайт — Дәуітті барлық жырларын жазуға Ехобаның өзі талпындырған. Оның жазғандарының кейбірі көп уақыттан кейін орындалатын пайғамбарлықтар еді. Мысалы, Зәбүр 110-ыншы жырында Дәуіт Иесінің көкте “Құдайдың оң жағында отырып”, зор билікке ие болатынын жазған. Ол Құдайдың жауларын бағындырып, жердегі “халықтарға шығарған үкімін жүзеге асырмақ” еді. Дәуіт көкте билік ететін және “мәңгілікке діни қызметкер” болатын осы Мәсіхтің түп атасы болды (Зәб. 110:1—6). Кейін Иса осы пайғамбарлықтың өзі жайлы екенін және болашақта орындалатынын растаған (Мат. 22:41—45).

Дәуіт киелі рухтың жетелеуімен өз заманы жайлы және болашақта қайта тіріліп, Ехобаны мәңгі бақи мадақтай алатын кез туралы жазған. Зәбүр 37:10, 11, 29-дағы сөздердің де ежелгі Исраилдің заманына, сондай-ақ Ехоба бүкіл дүниежүзі бойынша уәделерін орындайтын болашаққа да қатысы бар дей аламыз (Осы журналдағы “Менімен бірге жұмақта боласың” деген мақаланың 8-абзацын қараңыз).

Ендеше, Зәбүр 61:8 бен соған ұқсас тармақтар Дәуіт Ехобаны соңғы демі шыққанша мадақтағысы келгенін көрсетеді. Сондай-ақ бұл сөздерден Ехоба болашақта оны тірілткенде де, Дәуіттің не істегісі келетінін көреміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу