Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w22 қараша 31-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол өзі үшін өлімнің, халқы үшін өмірдің жолымен жүрді
    Сенімін серік еткендер
  • Мардохай мен Естер
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Естер. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Естер кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
w22 қараша 31-б.

Сіз білгенсіз бе?

Мардохай өмірде шынымен болған ба?

МАРДОХАЙ деген еврей кісі — Естер кітабындағы маңызды кейіпкерлердің бірі. Ол Персия жеріне тұтқынға айдалып, сол жерде патша сарайында қызмет еткен. Бұл б. з. б. V ғасырдың басында, “Ахашверош патшаның тұсында болды” (бұл патша тарихта I Ксеркс деген атпен танымал). Бірде Мардохай патшаға қарсы ойластырылған қастандықты тоқтатады. Риза болған патша оған жұрт алдында сый-құрмет көрсетеді. Кейінірек Мардохай мен басқа да еврейлердің жауы Хаман өлгеннен кейін, патша Мардохайды өзінен кейінгі екінші адам етіп тағайындайды. Мардохай осы билікті пайдаланып, Персия империясындағы еврейлерді жаппай қырылудан сақтап қалатын жарлық шығарады (Ест. 1:1; 2:5, 21—23; 8:1, 2; 9:16).

XX ғасырдың басындағы кейбір тарихшылар Естер кітабы жай ғана аңыз, Мардохай деген кісі өмірде болмаған деген ойды айтты. Десе де 1941 жылы археологтар Киелі кітаптағы Мардохай деген кісінің өмірде болғанына дәлел бола алатын дерек тапты. Бұл қандай дерек?

Зерттеушілер парсы сына жазуымен “Мардука” деп жазылған тас тақташа тапты (бұл есім қазақшада: Мардохай). Ол Сузы қаласында жоғарғы қызмет атқарған, яғни есеп-қисапқа жауапты болса керек. Шығыс тарихын зерттеуші Артур Унгнадтың айтуынша, бұл — “Мардохай деген есім Киелі кітаптан басқа жерде кездескен алғашқы жағдай”.

Унгнадтың осы есебінен кейін, ғалымдар парсы сына жазуындағы басқа да мыңдаған деректерді аудара бастады. Солардың бірі — Персеполь қаласының үйіндісінен табылған кішкентай саз тақташалар. Олар кезінде қазына жиналатын жерден табылған. Ол жазулар I Ксеркс билік еткен уақытпен сай келеді. Элам тіліндегі бұл жазуларда Естер кітабындағы бірнеше адамның есімі кездеседіa.

Мардохай (Мардука) деген есім парсы сына жазуымен жазылып тұр

“Мардука” деген есім Персеполь тақташаларының бірнешеуінде бар. Оның Сузы қаласындағы патша сарайында I Ксеркс патшаның хатшысы болғаны айтылады. Сол тақташалардың бірінде “Мардуканың” аудармашы болғаны айтылады. Бұл мәлімет Киелі кітаптағы Мардохай деген кісіні дәл сипаттайды. Мардохай Ахашверош патшаның (I Ксеркс) көмекшісі болған және кем дегенде екі тіл білген. Ол Сузыдағы патша сарайының қақпасында отыратын (Ест. 2:19, 21; 3:3). Бұл жай ғана қақпа емес, үлкен ғимарат болған әрі патша қызметкерлерінің жұмыс орны болатын.

Байқасақ, тақташаларда айтылған “Мардука” мен Киелі кітапта айтылған Мардохай бір біріне қатты ұқсайды. Атап айтсақ, екеуі де бір уақытта, бір жерде өмір сүрген және екеуі де патша сарайында беделді қызмет атқарған. Археологтардың тапқан осы деректерінің бәрі “Мардуканың” дәл сол Естер кітабындағы Мардохай екенін дәлелдейді деп айта аламыз.

a 1992 жылы профессор Эдвин Ямаучи өз мақаласында Персеполь мәтіндерінен алынған он есімді жариялады. Сол он адамның есімі Естер кітабында да кездеседі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу