Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w21 ақпан 25-б.
  • Күлімдеудің құдіреті!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күлімдеудің құдіреті!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • “Әдебиет арбаларының зор пайдасы”
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Аса құнды бірлігімізді сақтайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Жымиыңыз, нұрлансын әлем!
    Ояныңдар! 2017
  • Ехоба куәгерлерінің жиналыстарына барудың қандай пайдасы бар?
    Жастардың сауалдары
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
w21 ақпан 25-б.

Күлімдеудің құдіреті!

Хелен әдебиет арбасының қасында күлімдеп тұр. Екі қыз жанынан өтіп бара жатыр.

ЕКІ ҚЫЗ Багио қаласындағы (Филиппин) іскерлік аймақта кетіп бара жатады. Олардың көзі жол бойындағы әдебиет арбасына түседі, бірақ қасына бармайды. Арбаның қасында тұрған Хелен деген бауырлас оларға қарап кеңінен күлімдеп, езу тартады. Екі қыз әрі қарай кете барады. Бірақ әлгі бауырластың күлімсіреген жүзі оларға ерекше әсер қалдырады.

Кейінірек бұл екі қыз автобуспен үйлеріне қайтып бара жатқанда, Патшалық сарайының сыртындағы jw.org деген дәу жазуды көреді. Бұл жазуды олар алдында әдебиет арбасынан көрген болатын. Сонда екеуі автобустан түсіп, Патшалық сарайының қақпасында жазылған бірнеше қауымның кестесін қарайды.

Сол екі қыз Хеленді Патшалық сарайында көріп, жымиып тұр.

Сөйтіп, екеуі келесі кездесулердің біріне келеді. Патшалық сарайына кіргенде, олар кімді көрді дейсіз ғой? Хеленді! Олар Хеленді бірден таниды, өйткені естерінде оның жарқырап күлімдеген жүзі қалып қойған еді. “Олардың маған қарай келе жатқанын көргенде, “бұлар маған не үшін келе жатыр?” деп кішкене абдырап қалдым”,— дейді Хелен. Екеуі Хеленге болған жағдайды айтып береді.

Екі қызға қауым кездесуі және бауырластармен араласу қатты ұнайды. Олар өздерін үйдегідей жайлы сезінеді. Кездесуден кейін бауырластардың Патшалық сарайын жинап жатқанын көргенде, олар: “Біз де көмектессек бола ма?”— деп сұрайды. Олардың бірі қазір Филиппиннен кетіп қалған, ал екіншісі қауым кездесулеріне келіп жүр, әрі Киелі кітапты зерттеу сабағын бастады. Мұның барлығы — сол бір күлімдеудің арқасы!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу