Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w20 қыркүйек 31-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Мінсіз жолмен жүретіндер бақытты”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Неге билікке құрметпен қарауымыз керек?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
w20 қыркүйек 31-б.
Ехоба зүбәржаттан жасалған тағында отыр. Айналасында періштелер тұр. Тақтың жан-жағы жарқырап тұр.

Оқырман сауалдары

Уағыздаушы 5:8-дегі сөздер тек адами билеушілерге қатысты айтылған ба, әлде Ехобаға да ма?

Бұл тармақта былай делінген: “Егер өз аймағыңда кедейлердің қаналып жатқанын, әділет пен әділдіктің тапталып жатқанын көрсең, бұған таңғалма. Қолында билігі бардың үстінен қарайтын басқа біреу бар. Әркімнен жоғары тұрған біреулер бар” (Уағ. 5:8).

Адами тұрғыдан қарағанда, бұл сөздер жай ғана үкімет басында отырған адамдардың билігін сипаттап жатқандай көрінеді. Бірақ тереңірек үңілсек, бұл тармақ Ехоба жайлы жұбаныш пен сенімділік беретін маңызды бір шындықты да аңғартады.

Уағыздаушы 5:8-дегі сөздер кедейлерді қанап, оларға әділетсіздік танытатын билеушіге қатысты айтылған. Бірақ мұндай билеуші мынаны ұмытпау керек: оның үстінен қарайтын немесе билік басында онікінен жоғары дәрежеге ие біреу бар болуы мүмкін. Тіпті олардікінен де жоғары дәрежелі билік иелері болуы мүмкін. Өкінішке қарай, бұл адами билеушілердің бәрі парақор болуы мүмкін. Осындай әділетсіздіктің кесірінен қарапайым халық жапа шегеді.

Жағдай қаншалықты үмітсіз көрінбесін, Ехобаның тіпті жоғары тұрған адами үкіметтердің “үстінен қарайтынын” білгеніміз бізге жұбаныш береді. Біз Ехобадан көмек сұрап, бар ауыртпалығымызды оған арта аламыз (Зәб. 55:22; Філіп. 4:6, 7). Ол “өзіне бар жүрегімен берілгендерді қолдау үшін, бүкіл жер бетін мұқият бақылап отырады” (Шеж. 2-ж. 16:9).

Сонымен, Уағыздаушы 5:8-дегі сөздер адами үкіметтерге қатысты мына бір шындықты аян етеді: үнемі бір биліктен жоғары тұратын билік болады. Ең маңыздысы, бұл тармақтан Ехобаның бәрінен жоғары тұрған, яғни Ең жоғарғы билікке ие екенін білеміз. Қазір ол өз Ұлы арқылы, яғни Патшалықтың Патшасы Иса Мәсіх арқылы, билік етіп жатыр. Барлығын мұқият бақылап отырған Құдіреті шексіз Құдайдың өзі де, оның Ұлы да толықтай әділ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу